Балтабай Адамбаев.
ШЕШЕНДІК АРНАУ СӨЗДЕР
Асанқайғы мен Әз Жәнібек
Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан бетінде ноғайылының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:
Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кеей үй қонысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні ел тауға қонар мезгілде, қараша: «Ханымды шақрып, осы құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғымды болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас» -дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, «әне барамын», «міне барамын» деп, ақыры бармапты. «Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз» деп, әлгі байғұстар ханымды сарғайы күтіп көп уақыт көшпей отырып қалыпты. Күдердің күнінде ханым шығып, қазыханаға барып қайтып келе жатса, ханның кісі алтын бурасы қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен:
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей
Тура қуып кетірді.
Бастай көр қатын құртыңды,
Сала көр қатын майыңды, депті.
Сол айтқандай, үш тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, дейді Асанқайғы. Өз бойындағы ақыл, ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондығыңан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпетін үй салдырдым деп. Үшінші той қылдың, Құландыға қу ілдірдім деп. Оған несіне келейін деп Асан жырлап кетіпті:
Ай, Жәнібек хан!
Айтасам білмейсің,
Жайылып жатқан халың бар,
Аймағын көздеп көрейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің атыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Құладың құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кей сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе білмейсің.
Әй, Жәнібек! Ойласаң.
Қилы-қилы заман болмайма,
Сауда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсі!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жанәліні сұрап алып қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |