Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет249/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының


3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысының қаулы алу бөлiгi 2-тармағының ережесi, депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда Парламент палаталарына оны мандатынан айыру туралы қаулы қабылдау шарт емес дегендi бiлдiрмейдi, деп түсiндiрiлсiн. Парламент Палатасының мұндай қаулы қабылдаудан бас тартуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы, 5-тармағы нормасының тiкелей қолданылуын бұзу болады.
2. Бәсең сайлау құқығын iске асыруға қойылатын талаптар туралы конституциялық нормалар мен ережелердi, Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда бұл заңдық фактiнiң Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылығы орын алады, деп түсiнген жөн.
3. Конституция нормаларының, Конституциялық Кеңес қаулыларының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң нормаларының мазмұны мен мағынасынан келiп туындайтыны, егер Парламент депутаттығына кандидатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген болса, онда тиiстi сайлау комиссиясы сайлау процесiнiң "кез келген сатысында оны тiркеу туралы" шешiмнiң күшiн жоюға тиiс.
4. Осы қаулы түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы, 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, шағымдануға жатпайды.
Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан ажыратып алғысыз және онымен бiр уақытта қолданылады.

  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет