Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ


Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы



бет313/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   332
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы
2-тармағын ресми түсiндiру және "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңесiнiң


2009 жылғы 20 тамыздағы N 5 Нормативтiк қаулысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға


И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi I.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков,
А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов,
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының орынбасары А.С. Судьиннiң,
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Н.Н. Турецкийдiң, М.А. Айсинаның және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Аппаратының басшысы
Е.Н. Дошаевтың,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р.Құсдәулетовтiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi жөнiндегi комитетiнiң төрағасы М.С.Өтебаевтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйiшевтiң,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары И.Д. Меркельдiң қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевтың және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
О.Б. Мұхамеджановтың, Қазақстан Республикасының Парламентi 2009 жылғы 17 маусымда қабылдаған, "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Конституцияға сәйкестiгi тұрғысында қарау жөнiндегi өтiнiшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
О.Б. Мұхамеджановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы 2-тармағын: "әркiм өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының ... құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi" деген нормалары бөлiгiнде ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi I.Ж. Бақтыбаевтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшы – Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, азаматтық құқық кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы
Т.Е. Қаудыровтың, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң мамандары заң ғылымдарының докторы, профессор Е.М. Абайдiлдиновтiң, заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.Д. Бұсырмановтың, заң ғылымдарының докторы, профессор Ш.В. Тлепинаның, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң жанындағы Мемлекет және құқық институтының мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор
Ғ.С. Сапарғалиевтiң, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
А.А. Караевтың, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
В.В. Мамоновтың қорытындыларымен, сондай-ақ iс жүргiзудiң өзге де материалдарымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет