Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет319/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне


2010 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 6 шілдедегі №3 Қосымша қаулысын ескере отырып, «Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын, жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулер енгізу мүмкіндігі тұрғысында қосымша түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі
А.Н. Жайылғанованың хабарлауын тыңдап, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өтінішінің мазмұнын зерделеп және Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті нормаларын, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын талдап шығып, Конституциялық Кеңес бұл өтініш бойынша конституциялық іс жүргізу мынадай негіздерге орай тоқтатылуға тиіс деген ұйғарымға келді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзінің өтінішінде жекеше нотариустерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін жеке мөрлерінде пайдалану құқығын беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-ІІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы мәселе қояды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Гимннің сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Осы конституциялық норма дамытыла келе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабында «осы Конституциялық заңда белгіленгеннен басқа жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пайдалануға тыйым салынады»,
деп белгіленді.
«Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 1 Қаулысын түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 6 шілдедегі №3 Қосымша қаулысының қорытынды бөлігінің 2-тармағында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ресми пайдаланылуы тәртібін айқындау заң шығарушының құзыретіне жатады және конституциялық заңмен белгіленеді», – деп Конституциялық Кеңес тікелей атап көрсетті.
Конституциялық Кеңестің бірқатар қаулыларындағы құқықтық позицияларға сай, Конституциялық Кеңес бұл мәселелер басқа мемлекеттік органдардың құзіретіне жататын жағдайлардың бәрінде оларды анықтау мен зерттеуден қалыс қалуға міндетті (Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2 және 2003 жылғы 26 маусымдағы № 9 қаулылары).
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің
2010 жылғы 17 мамырдағы № 7-11662-10 қорытындысында дәл осындай көзқарасты ұстанады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабы 1-тармағының
3) тармақшасына сәйкес мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса, конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн тоқтатылуға тиiс. Конституциялық Кеңестiң мәлiмделген өтiнiш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтiнiш субъектiсiн Конституциялық Кеңеске осы негiздер бойынша қайтадан өтiнiш беру мүмкiндiгiнен айырады.
Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын және 2-тармағын, 31-33,
37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет