Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Ересектер балаларға қарсы



бет80/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86

9.5. Ересектер балаларға қарсы




9.5.1. Ағымдық жағдай


ҚР ҚСАЕК деректері бойынша, 2016 жылдың 9 айы ішінде республикада 2013 кәмелетке толмаған балалар оларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шекті. Абсолютті сан бойынша, зардап шеккендердің ең көп саны ОҚО (298 оқиға), Қарағанды облысында
(220 оқиға), ШҚО (202 оқиға) тіркелді. Өңірлік салыстыру үшін, өңірдегі 10 000 балаға шаққандағы есеп статистикасын келтіреміз, алынған есептерге сәйкес, ең көп зардап шеккен балалар Павлодар облысында байқалады – өңірдің 10 мың бала халқына шаққанда 10,1 жағдай. Қарағанды облысы және ШҚО да салыстырмалы жоғары көрсеткіштерді көрсетеді.

2015 жылғы және 2016 жылдың 9 айы кезеңіндегі қылмыстардың салыстырмалы статистикасы, 2016 жылдың қалған кезеңінде айтарлықтай өсім байқалмайтын болса, зардап шеккен балалар санының азайғанын көрсетеді. 2015 жылдың қорытындылары бойынша елімізде 3 915 бала - қылмыстылық құрбандары (10 мың балаға 7,4), 2016 жылдың 9 тоқсаны ішінде 2 013 оқиға (10 мың балаға 3,7). 2015 жылы қылмыскерлікке қатысты балалар өмірі үшін ең көп жағымсыз жағдайлар Қарағанды, БҚО, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Ақмола облыстарында, Астана қаласында байқалды. 2016 жылы рокировка іс жүзінде өзгермеді.


35-кесте. Балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде 0-17 жас аралығындағы зардап шеккен балалар саны *

 

Оқиғалар 2015 жыл

10 000 балаға шаққанда, 2015жыл

Оқиғалар,

2016 жыл



9 айы

10 000 балаға шаққанда,
2016 жыл 9 айы

Ақмола

184

9,4

76

3,8

Ақтөбе

166

6,8

85

3,4

Алматы

288

4,7

179

2,8

Атырау

135

6,6

43

2,0

БҚО

211

12,1

88

4,9

Жамбыл

247

6,2

162

4,0

Қарағанды

452

12,6

220

6,0

Қостанай

195

9,6

101

4,9

Қызылорда

158

5,7

53

1,9

Маңғыстау

144

6,4

57

2,4

ОҚО

592

5,3

298

2,6

Павлодар

216

11,6

191

10,1

СҚО

92

6,8

47

3,4

ШҚО

325

9,4

202

5,8

Астана қ.

215

8,9

85

3,3

Алматы қ.

295

7,7

126

3,1

Барлығы

3915

7,4

2013

3,7

Дереккөз: ҚР БП ҚСАЕК, http://service.pravstat.kz/

*Сан көлік өңірлері, ГВП, ЮВТР, ЗТР, ЦТР, 21-С, Орталық аппара деректерін ескермей есептелінген.
Барлық зардап шеккен балалардың жартысына қатысты жеке адамға қарсы әрекет жасалынды (976 немесе 48,5%). Бұл құқық бұзушылықтардың құрылымында «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу» басым - 397 оқиға (2015 ж. 716 оқиға). 124 жас балалар азғындық жолына түсті, 112 баланың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірілді, 183 бала зорланды, немесе жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалынды. ҚР Бас прокуратурасының ресми деректеріне сәйкес, жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылық құрбандары қатарына жиі зорлаушылармен бірге тұрып жатқан, олардың рөлінде туыстары, немесе сенімді адамдары болуы мүмкін, 13 жасқа дейінгі балалар жатады.
36-кесте. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасалған зардап шеккен балалар саны, 2016 жылдың 9 айы

Кісі өлтіру

16

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі

2

Абайсызда кісі өлтіру

6

Өзін-өзі өлтіруге жеткізу

68

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

28

Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру

112

Азаптау

4

Қажетті қорғану шегінен асыра пайдалану кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру

2

Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру

7

Қорқыту

5

Соз ауруын жұқтыру

1

Қауіпті жағдайда қалдыру

5

Зорлау

98

Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері

85

Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер

397

Жас балаларды азғындық жолға түсіру

124

Адам ұрлау

7

Бас бостандығынан заңсыз айыру

9

Дереккөз: ҚР БП ҚСАЕК http://service.pravstat.kz/
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарға қоса,
270 бала жол-көлік оқиғаларының құрбаны, 144 бала бұзақылардың, 158 тонаудың, 242 ұрлық және басқа құқық бұзушылықтардың құрбандары болды.

9.5.2. Профилактика бойынша шаралар


Балалар өміріне қол сұғылмаушылық мәселелері баланың амандығына жауапты барлық министрліктер мен ведомстволардың ерекше бақылауында тұр.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық факторларының алдын алу мақсатында ҚСАЕК infopublic.pravstat.kz сайтында педофилдардың картасы іске қосылды, онда олардың фотосуреті мен анкетасы бар, сервисті кез-келген адам еркін пайдалана алады.

Білім беру ұйымдарында педагогтар, ата-аналар мен балалар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндірме жұмыс жүргізіледі:

Мектеп психологтарына, әлеуметтік қызметкерлерге арналған өңірлік семинар-тренингтер;

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» жасөспірімдердің өмірге төзімділік және стресске тұрақтылығын арттыру бойынша ақпараттық науқан;

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан.


Халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік жанданды:

ШҚО білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алғашқы алдын алудың модельдік бағдарламасы апробацияланды (ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар қоры);

«Мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету» бағдарламасын 6 өңірде (Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, ОҚО) пилоттық енгізу жұмысы жүргізілуде (ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар қоры);

Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, білім беру мекемелерінде және оларға іргелес аумақтарда бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды пайдалана отырып, бақылау-өткізу режимін енгізу бойынша іс-шаралар өткізілуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен бейнебақылау камералары 4 724 білім беру ұйымдарында орнатылды. Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде сабақтан тыс уақытта өзін-өзі қорғау тәсілдерін игеру және экстремалдық жағдайларда оңтайлы мінез-құлық дағдыларын үйрену мақсатында балалар мен жастарға арнайы сабақтар өткізіледі. Қазіргі уақытта аталған іс-шаралар 30 мыңнан астам оқушыларды қамтиды.

Білім алушыларды әлеуметтік-психологиялық қолдау және медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылды: білім беру ұйымдарында 8 130 психолог және 4 204 әлеуметтік педагог, 6 666 медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Психологтар мен әлеуметтік педагогтардың даярлығы жетілдірілуде: психологтардың даярлығын еліміздің 46 ЖОО жүзеге асырады;
216 сағат көлемінде мазмұны жаңарған біліктілікті арттыру курстарының
7 оқу бағдарламалары әзірленді және 688 психологтар мен әлеуметтік педагогтер қамтылған 28 курс өтті; 8 ЖОО-ның студенттерді курстық даярлауына балалар мінез-құлқындағы алаңдатушы белгілерді анықтауды оқыту жөнінде бағдарламалар енгізілді; 6000 астам мектеп басшылары мен психологтары біліктілікті арттыру курстары мен оқытушы семинарлармен қамтылды.

9.6. Әлеуметтанулық сауалнама қорытындылары


Әлеуметтанулық сауалнама шеңберінде, негативті әлеуметтік құбылыстарға қатысты қазіргі ахуал туралы тәуелсіз сарапшылардың пікірін алу маңызды болды, осы тұрғыда бұл – еліміздің тұрғындары (балалардың
ата-аналары). Сұрау нәтижелері істердің ахуалы көрінісін іс жүзінде білдіреді.

Респонденттер елде жасөспірімдер мен 18 жасқа дейінгі жастар арасында интернетке, әлеуметтік желілерге тәуелділіктің айтарлықтай өсімі байқалады (68% адамның пікірі) деп санайды, ойынға құмарлықтың маңызды өсімі байқалады (46%). Агрессия артты, респонденттердің 41% жасөспірімдік-жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың орын алуы жағдайлары жиілеп кеткенін айтады.

Респонденттердің 36%-ы балалар темекі мен кальянды жиі шеге бастады деген пікірде. 35%-ы ерте жыныстық қатынастар жағдайының артқанын, ал 31%-ы ерте жүктілікті атап өтті. Түнгі сауық орындарына барудың өсімі байқалады (30% пікірі).

Осы көрсеткіштермен салыстырғанда, балалар-жасөспірімдер ортасындағы алкоголизм және нашақорлықпен байланысты ахуал өзектілігі аз байқалады. Сұралғандардың пікірінше, алкоголизмнің өсімін


16%, нашақорлықты 21% атап өтті.
48-диаграмма. Жасөспірімдер мен 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы негативті әлеуметтік құбылыстар жағдайын бағалау, ата-ана пікірлері, %*



* қалған респонденттер жағдайды өзгеріссіз (бұрынғы деңгейде) бағалайды
Ата-аналардың пікірінше, бейәлеуеттік құбылыстардың өсіміне ықпал етуші негізгі себептерге мыналар жатады:

отбасыда тәрбиенің жетіспеушілігі – 36%;

бала өміріндегі шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық жағдай (төмен материалдық қамсыздандыру, ата-анасының жұмыссыздығы) – 29%;

зорлық-зомбылық, қатыгездік, жазасыздық мысалдары – 26%;

балалардың жалғыздығы, баланы түсінбеушілік – 24%;

көшенің, айналаның ықпалы – 22%.

Сондай-ақ отбасыдағы қолайсыз жағдай, қоғамдағы мәдениеттің, моральдің төмендеуі және т.б. аталып кетті.

Ата-аналар бейәлеуметтік құбылыстардың өсімі жағдайын мектептегі тәрбиенің жетіспеушілігімен байланыстырмайды, сұралғандардың тек


7% мектепті себептердің бірі ретінде таңдады.
49-диаграмма. Жасөспірімдер мен 18 жасқа дейінгі жастар арасында негативті әлеуметтік құбылыстардың өсу себептері, ата-аналардың пікірі, %

Ата-аналардың аз үлесі (6%) бейәлеуметтік құбылыстарға әкелуші ұқсас себептер отбасыларда кездеседі деп мойындады. Дәлірегі: балалардың жалғыздығы, отбасыдағы тәрбиенің жетіспеушілігі (ата-аналарының жұмысбастылығы), отбасы ішіндегі жанжалдар, тыйым салулардың көптігі.



Балалар әлеуметтік желілермен, онлайн-ойындармен қызығушылығының дәлелі болып балаларды сұрау нәтижелері саналады. Орташа есепте, балалардың үштен бірі интернетке тәуелді, және виртуалды ойындарға құмар. Балалардың 38,6% күн сайын интернетте, әлеуметтік желілерде, WhatsApp отырады, 21,8% - онлайн-ойындар ойнайды.
50-диаграмма. Интернет, әлеуметтік желі, онлайн-ойындарды пайдлану жиілігі, балалар жауаптарының %

Бұл уақыт өткізу түріне балалардың 70,2% күн сайын шамамен бір сағат немесе одан сәл көп уақытын бөледі, балалардың қалған үлесі компьютер, телефондарда күніне бірнеше сағаттан отырады: виртуалды қызығушылықтарға балалардың 20,7% жеке уақытының 2-3 сағатын,


ал 9,1% 4 сағаттан астамын арнайды.
51-диаграмма. Интернет, әлеуметтік желі, онлайн-ойындарға бөлінген уақыт саны, балалар %


Интернетті, әлеуметтік желілерді пайдаланудың негізгі мақсаттары болып саналады:

  • ақпарат іздеу – 41,2%

  • в Контактеде хабарласу – 49,9%

  • фильмдер көру– 30,4%

  • WhatsApp, Инстаграмм – 21%

  • ойындар – 20%

  • сайттарды мақсатсыз қарау, қызықтырғанына қарай – 19%.

Қауіпті санаттардың бірі – бұл сайттарды мақсатсыз қарайтын балалар, оларды қандай болмасын ақпарат қызықтыруы мүмкін, оның қауіпсіз екендігіне кепіл жоқ.

Сұралған балалардың жартысына жуығы ғана әлеуметтік желілерді белсенді қолданудан (54%), WhatsApp жиі пайдаланудан (47%), онлайн-ойындардан (59%) тәуелділік дамуы мүмкіндігімен келісетіні алаңдатады. Қалғаны бұл туралы тіпті күдіктенбейді.

Балалардың ойынға құмарлығы, интернетке тәуелдігінің артуына алаңдайтын ата-аналар өз жағынан баланы бұдан шектеуге тырысады.
Сұрау нәтижелері көрсеткендей, ата-аналардың 81% интернет-қауіпсіздік туралы әңгімелеседі.

Балалар ата-аналардың қамқорлығының басқа көрінісін білдірді, мысалы, балалардың тек 37% ата-аналарының олардың қандай сайттарда отыратыны жиі қызықтырады деп айтты, балалардың 29% ата-аналар тарапының олар ойнайтын компьютерлік ойындарды бақылайтыны туралы атап өтті.

Әлеуметтік желілерге, ойындарға жұмсалған балалардың уақытын бақылауға қатысты, көрініс осыған ұқсас, сұралған балалардың шамамен жартысы ата-аналарының көбінесе бұл уақытты бақылайтыны туралы атап өтті.

Әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық жағдайы, суицид, зорлық-зомбылық, терроризмді насихаттау

Ата-аналардың 5,6% олардың балалары әлеуметтік желілерде суицид, зорлық-зомбылық, терроризмді насихаттауға тап болғанын атап өтті,


7% бұл сұраққа жауап беруге қиналды.

Ата-аналардың 4,2% олардың балалары зорлық-зомбылықты көрсетумен (дөрекілік, кемсіту, соқы) тап болғаны туралы жауап беруге қиналды. Жауап беруге қиналмағандардың ішінде, 87,6% тап болмады деп жауап берді,


8,2% - олардың балалары зорлық-зомбылық көрсетуге тап болғанын хабарлады.

Балалары зорлық-зомбылыққа тап болған ата-аналардың қатарынан,


52% олар ауладағы таныс емес балалар болғанын айтты, 17% - таныс емес ересектер, 16% - мұғалімдер, 9,5% - ата-аналарының өздері,
5,5% - сыныптастары мен таныс қатарластары.
52-диаграмма. Балаға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткен жақтар, ата-аналардың пікірі, %


Балалар өз тарапынан оқу мекемелерінде, интернетте, әлеуметтік желілерде тап болып жатқан қолайсыз, ал кейде қауіпті жағдайлар туралы айтады.

Сұрау нәтижелері бойынша балалардың 15,4% мектепте мұғалімдер балаларға қатысты теңсіз қатынас көрсететінін айтты, 8,3% оқу орындарында мұғалімдер тарапынан балаларды кемсіту және жәбірлеу оқиғалары болғанын көрсетті, балалардың 3% мектептерде жоғары сынып оқушылары ақша қорқытып алатынын атап өтті.

Балалардың 4,7% мектептегі, сыныптағы балалардың өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған жағдайлар туралы айтты.

Балалардың 4% интернет арқылы қорқыту, бопсалауға ұшыраған.

Балалардың 4% жуығы әлеуметтік желілердегі суицид, зорлық-зомбылық, экстремизмді насихаттауға тап болған.

Ересектердің профилактикалық іс-әрекеттері

Профилактика және алдын алу зорлық-зомбылық, суицид және басқа бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы іс-әрекеттің маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Ата-аналар бірінші кезекте өз баласы туралы алаңдауы қажет, олармен әңгімелесіп, қиын жағдайлардан шығу жолдарын үйретуі керек.

Бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы іс-әрекет туралы профилактикалық сұхбаттарға ата-аналардың 82,7% жауапкершілікпен қарайды, олар балаларын қиын өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат береді. Ата-аналардың 6,6% балаларды мұндай құбылыстардан қалай сақтандыру керектігі туралы білмейді, және олардың балалары қайда және кімге бара алатыны туралы кеңес бере алмайды.

Оқу орындарының профилактикалық жұмыстары туралы айтатын болсақ, жалпы, көптеген ата-аналардың бағалары бойынша, бұл орташа деңгейде жүріп жатыр. Оқу орындарының суицид, қатыгездікпен қараудың алдын алу бойынша жұмысын ата-аналардың 39% жоғары бағалайды, 35% электронды тәуелділік, интернет-қауіпсіздік бойынша профилактика сапалы жүрігізіліп жатыр деп санайды, 42% балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты қолдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет