Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Еліміздің Тұңғыш Президентінің құнды және бірегей жолдауы – "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасының тарихи маңыздылығы (2014 ж.11 қараша)



бет43/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

46. Еліміздің Тұңғыш Президентінің құнды және бірегей жолдауы – "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасының тарихи маңыздылығы (2014 ж.11 қараша).
47. Өтпелі кезеңнің қиындықтары. Экономиканың негізгі салаларын дамытудың басымдықтары мен перспективалары. Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын жаңғырту кезеңдері және олардың ерекшелігі. (1991-2020 жж.)

48. Қазіргі Қазақстанның денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері. Салауатты өмір салты ұлт болашағын қалыптастырудың негізгі ретінде.
Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді.
Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.
1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды. Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.
Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады. 1990 жылы мемлекеттік басқару ұйымдарын оңтайландыруға байланысты елде мемлекеттік ұйымдардың саны қысқарып кеткені белгілі Сол науқаннан Денсаулық сақтау министрлігі де шет қала алмады. Осылайша, бұл ұйымның аты ҚР Денсаулық сақтау, білім, Спорт министрлігі деп аталды. Осы атаудағы министрлік ҚР «Қазақстан-2030» стратегиялық дамуы аясында «Халық денсаулығы» атты алғашқы мемлекеттік бағдарламаны ұсынды.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді: тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің қол жеткен деңгейін қолдау, сақтау, экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық іс-шараларын жандандыру және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайға бейімдеу; медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау; медициналық мекеменің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету; халық денсаулығын сақтау мен дамытуға азаматтар мен жұмыс берушілердің, мемлекеттің жауапкершілігі.
Бұл бағдарламаның жүзеге асуы денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен бірге соған қатысты сумен қамту, өндірілетін, тасымалданатын азық-түлік тауарларына бақылау, қоршаған орта сияқты салаларда да шешілмеген мәселелер көп болды. Осының негізінде «Иммунизация», «Ана денсаулығының сақшысы»,
«ВИЧ-тің таралуын тоқтату», «емдеу-сауықтыру және тууға көмектесу ұйымдарында асептиктер мен антисептиктерді сақтау», «қоршаған орта және ұлт денсаулығы», «отбасын жоспарлау», «бала азығы» және т.б. Бұл мәселелерді шешу барысында іс-шаралар жүйесі жасалынды, бірақ соңында белгілі болғанындай бұл бағдарламалардың ешқайсысы ақырына дейін жеткізілмеді. Сонда да елде бағдарламаның осынша ұзақ уақыт жүргізілгені назардан тыс қалмады.
Осы бағдарламалар аясында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелері ашылып, мектептердің төменгі сыныптарында тегін тамақ беру, мектептерде психолог қызметі, арнаулы клиникалар, жеке меншік жоғары медициналық оқу орындарында, клиникаларға лицензиялар берілді. Осы кезеңді кеңестік жүйеден қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне өту кезеңі деп бағалауға болады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі келесі қайта құруларды енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізді. Ол 2005-2010 жж. арналған ҚРдағы денсаулық сақтауды дамыту мен қайта құрудың мемлекеттік бағдарламасы деп аталды. Ол бағдарламалы түрде қаржыландыруға бағытталды.
Осы бағдарлама аясында тегін медициналық қызмет түрлері анықталды және ол бүгінге дейін сақталып отыр. Сараптау нәтижесінде белгілі болғандай, денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті өзгерте алмады. Соған қарамастан бұл бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бетбұрысты кезең болған. Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделі пайда болды.
Ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрігерлік-демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету сияқты классикалық тапсырмалар мен бірге медициналық білімді қайта құру мен ұйымдастыру сияқты халықаралық қағидаларға негізделген мәселелер де қарала бастады.
Медициналық қызмет сапасын және халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде жұмыстың тиімділігін бақылау жүйесін енгізу туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді.
Осы бағдарлама денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мекемелерде тіркелген әрбір ауру адамды қаржыландыру сияқты жаңа механизмді енгізді: жан басына шаққандағы норматив қажетті медициналық көмектің көлеміне, өңірдің ерекшелігіне қарай анықталды. Яғни емханаларда тіркелген тұрғындар саны көп болса, онда мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де соншалықтықомақтыболмақжәнебұлқаржылар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалуы тиіс болды.
Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен бірге медициналық қызмет сапасын, айыппұл санкциясы жүйесін бақылау, медициналық көмектің әртүрлі параметрлерін бағалау анықталды.
Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесіндегі қол жеткен табыс деп сапа бағалау институты мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін бағдарламаланған сапа элементтерін, сапаны бағалау критерийлерінің халықаралық тәжірибесін ескерген арнайы әдістемелік негізде дайындалды. 2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты. ҚР Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», – деді [3].
Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған. Сонымен қатар олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады.
Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді
«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді. Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар. Олар: ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі; денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы; медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы; аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы; мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық; жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы. Осы міндеттер бүгінге дейін көрініс беруде және оны шешу үшін кешенді түрде шешім қабылдауды қажет етеді.
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - өлеуметтік, экономикалық, қүқықтық, ғылыми өдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы жөне республикадағы дене шынықтыру мөселесіне жауапты үйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға өзір, шығармашылық жүмысқа қүштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар төрбиелеу. Бүл мақсат темендегі жалпы міндет- терге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру жөне дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене төрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
3. Төрбиелік міндеттер - адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету. Дене шынықтыру жүйесінің мазмүны қоғамның өлеу- меттік-экономикалық, қүқықтық, ғылыми-өдістемелік, бағдарлама-нормативтік жөне үйымдастыру негіздерінен көрінеді. Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене шынықтыру жүйесі қоғамымыздың басқа өлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мөдениетпен тығыз байланысты. Бүл байланыстардың объективті негізі - дене төрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігін- де. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да, со л ортаға өнді- рістік қатынастардың иесі адам арқылы эсер етеді. Ол адамның өлеуметтік жағдайын ңалыптастырып, қоғам- дың ңатынастарды жетілдіреді
Құқықтық негіз. Дене шынықтыру жүйесі өз жүмы- сын реттеуде қүқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. О л Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Жалпы дене шынықтыру жүйесі ғылыми-өдістемелік негіз де қүрылады. Оның барлық теориялық жөне төжірибелік үсыныстары ғылыми түрде баяндалады.
Дене шынықтыру жүйесін қоғамдық, психологиялық, педагогикалық, өдістемелік-биологиялық ілімдер, гигие­на, физиология, спорттық медицина, т. б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене төрбиесі ілімі мен өдістеме пөні алады.
Оқушыларды дене шынықтыруға төрбиелеуде прези- денттік сынамалардың маңызы өте зор.
"Қазақстан Республикасындағы халықтардың дене шынықтыру даярлығының президенттік сынамалары туралы" ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалар - халықтың оқуға, еңбекке, өскери қызметке дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын өр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастарға ар- налған сынамалар президенттік жөне үлттық деңгейден түрады.
1. Президенттік деңгей жан-жақты дене қуаты даярлығы бар, дені сау адамдарға арналған.
2. Үлттық даярлық деңгейі оқу немесе жүмыс орны, түрғылықты жері бойынша спорттық секцияларда, топ- тарда дене төрбиесі жөне спортпен жүйелі түрде айна- лысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан адамның денсаулығын айқындайтын президенттік сынамаға Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы үсынған адам ағзасы қызметін бағалаудың не- ғүрлым сенімді төсіліндегі 1,5 милге (2400м) жүгіру нөти- желері енгізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11-сыныптарын- да, көсіби-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курстарында өткізіледі.Жастар үшін дене шыныңтыру-сауьщтыру бағытын- дағы жарыстар өткізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстар- ды қалалық, аудандық жастар ісі мен саяхат және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сөйкес, әр оқу орнының, көсіпорынның дене шынықтыру мүғалімдерінен, жаттыңтырушыларынан, спорт нүсқаушыларынан қү- рылған төрешілер алқасы өткізеді.
Президенттік сынамалардың республикадағы, облыс- тардағы, аудандардағы, ңалалардагы орындалуы жөніндегі жүмысқа басшылық жөне бақылау жасау ісін Қазақстан Республикасының жастар ісі мен саяхат және спорт бас- қармалары (комитеттері), Қазақстан Республикасының Білім жөне ғылым министрлігінің дене тәрбиесі бас- ңармалары жүзеге асырады.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты үйымдас- тырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектеп­тердің, көсіби-техникалық мектептердің, колледж- дердің, жоғары оқу орындары мен көсіпорындардың өкімшіліктеріне жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі төжірибелік жүмыстарды жүргізу оқу орындарында - дене шынық­тыру мүғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал көсіпорындар мен үйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нүсқаушыларға, жаттықтырушылар мен ме­дициналық қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға енгізілген сынақтардың түрлері: 60,100, 1000, 2000, 3000 метрге жөне 1,5 милге (2400 м) жүгіру, түрған орыннан үзындыққа секіру, биік кермеге тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақ- тыру жаттығулары.
Тағы да бір маңызды сынамалық негіз - спорттық топ- тастыру. Республикалық спорттық топтастыру дегеніміз - жасөспірімдер дәрежесінен бастап халықаралық дәреже- дегі спорт шебері атағыы беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен сынамаларын белгілеу. О л спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жүмысын жетіл- діруге, мектептердің, спорт ңоғамдарының жүмысын жаңсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз болады. Спорттық топтастыру КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде топтастыру мазмүны мен қүрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене шынықтыру жүйесі мемле- кеттік жөне қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орын- дарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде үйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарламада көрсетілген ресми кес- те бойынша жүргізіледі. О л үшін арнайы уақыт белгі- леніп, қаржыландыру мөселесі шешіліп, материалдық негіз жасалады. Республикамызда дене шынықтыру жү­мысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемле­кеттік үйымдар бар.
Дене шынықтыру сабақтарын белгілі спорт саласының арнайы мамандандырылған мүғалімдері, оқытушылары, сондай-ақ, көсіби жаттықтырушы лары, нүсқаушылары жүргізеді. Қоғамдық үйымдастыру эр жастағы адамдар- ды дене шынықтыруына неғүрлым көбірек тартуға ба- ғытталған. Қоғамдық үйымдастыру түрінің ең бастапқы үйымы - спорт клубы. Дене шынықтыру және спорт қоз- ғалыстарын кәсіподақтық жөне ведомстволық ерікті спорт қоғамдары басқарады. Ерікті спорт қоғамдарын басқару демократиялық, орталықтан басқару қағидасы бойынша, сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттығу түрінің маңызы артты. Денсаулық сақтауға ба- ғытталған көптеген қозғалыстар, клубтар пайда болды. Жеке жаттығу үйымдары өрбір адамның қалауындағы спорт түрімен айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік жөне жеке меншік спорттық үйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына сәйкес рухани жаңғыру бағыттарының бірі ұлттық бірегейлікті сақтау болып танылған.
Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға, патриотизмді жүйелі тәрбиелеуге ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.
Қазіргі заманғы әлемде спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады.
Қазақстан Республикасы - жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі, олардың әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылады. Осылайша мемлекеттік ұлттық саясатқа көпұлтты қоғамның заманауи қажеттіліктері мен мүдделеріне сай келетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер қажет болып отырған, өріс алған жаһандану жағдайында спортты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтатын ерекше мәні бар маңызды факторлардың бірі ретінде қарауға болады. Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің экономикалық өсім мен ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатына, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағдарланған саясатты ілгерілетуге бағытталған тәжірибесі пайдаланылды.
Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары - жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу және т.б. болып табылады. Тұжырымдама мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті міндеттерін ескере отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға бағытталған.
Спорт пен дене шынықтыру саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының өзіне тән ерекшелігі дәстүрлі түрде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытудың теңгерімді тәсілдерін іске асыру болып табылады. Бұқаралық спорт саласында ел халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр.
Республика халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі (2012 жылы - 21,6%, 2013 жылы - 23,2%, 2014 жылы - 25,1%) байқалады.
Спорт секцияларына баратын студенттерді қамту - 55,8% немесе 278,6 мың адам, еңбек ұжымдарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны - экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 15%-ын немесе 1,6 млн. адамды; дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер саны - 9,2%-ды немесе 22,6 мың адамды құрады.
2014 жылы дене шынықтыру ұжымдарының саны 19,3 мың болды.
Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында барлығы 92,5 мың спорт секциясы құрылды, оларда 3,3 млн. адам, оның ішінде ауылдық жерде 1,6 млн. адам спортпен шұғылданады.
Халықты дене шынықтырумен қамтуды көп жағдайда саланың қолданыстағы инфрақұрылымы айқындайды.
Ведомстволық статистикалық есепке сәйкес 2014 жылы елде 34,9 мың спорт құрылысы жұмыс істеді және 2013 жылмен салыстырғанда олардың саны 2%-ға өскен (34,2 мың спорт құрылысы).
Соның ішінде: 25,7 мыңы - спорт мектептерін қоса алғанда, білім беру мекемесі объектілеріне, 9,3 мыңы - дене шынықтыру-спорт мақсатындағы объектілерге жатады.
Балалар мен жасөспірімдер спорты инфрақұрылымын 435 бірлік балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, спортта дарынды балаларға арналған 16 мектеп-интернат құрайды.
2014 жылы қосымша білім беру мекемелері қатарына 569 балалар мен жасөспірімдер клубы, 120 мыңнан астам балалар мен жасөспірімді қамти отырып, дене даярлығының 105 балалар мен жасөспірімдер клубы кірді. Студенттік спорт саласы белсенді дамып келеді. Жүз жиырма алты ЖОО-ның жетпісінде спорт клубтары жұмыс істейді. Республикада денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 10 спорт клубы жұмыс істейді. "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт орталығы" РМҚК құрылды. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні сақталып отырғанын атап өткен жөн. Еліміздегі жалпы халықтың 3,6%-ын құрайтын 626 700 мүгедектің 440 мыңы еңбекке жарамды, оның ішінде 245 мың адамға спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілім жоқ. 2012 жылғы қорытынды бойынша адамдардың осы санаты қатарында спортпен шұғылданатын адамдар саны - 8,3%, 2013 жылы - 8,7%, ал 2014 жылғы қорытынды бойынша 9,2% құрады.
Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жүйелі негізде ұйымдастырылған.
Тек 2014 жылдың өзінде Саламатты өмір салты орталығымен бірлесіп, 34 мыңға жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен акциялар өткізілді, оған 4,1 млн. астам адам қатысты. Жыл сайын 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен түрлі санаттағы мүгедектерге арналған 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионат пен турнирлер өткізіледі. Спорт түрлерінен спартакиадаларды, түрлі турнирлерді, "Тұңғыш Президент - Елбасының тестілерін" тапсыру айлықтарын, "Анам, әкем, мен - спортшы отбасы!" атты отбасылар арасындағы спорттық жарыстарды, жаппай жүгіру мен өзге де іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды, оған жыл сайын 2 млн.-нан астам адам қатысады.
Қазақстанда ұлттық спорт түрлері спорттың және дене тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі, ұлттық патриотизмге және ұлттық тарих пен дәстүрлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу арқылы жастарды спортқа тартатын және халықтың денсаулығын нығайтатын фактор болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде 20-дан астам ұлттық спорт түрі жанданып дамыды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қарқынды түрде дамыған ұлттық спорт түрлерімен 265,7 мыңнан астам адам шұғылданады (2012 жылы - 229,9 адам, 2013 жылы - 250,9 адам). Ұлттық ат спорты жарыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге жағдай жасалуда. Барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында стандартты ипподромдар салынды.
Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша 7 мамандандырылған клуб және 9 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді. 2016 жылы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитеттің шешіміне сәйкес "Қазақ күресі" және "Саятшылық" ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген. Спорт пен дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесінде спортшылар Олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізетінін көрсетеді.
Отандық жоғары жетістіктер спорты да нақты міндеттер мен даму бағыттарын іске асыруға бағдарланға. Тәуелсіздік кезеңінде республикада кәсіби спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңінен жоғары спорттық шеберлікке дейінгі жүйесі қалыптасты. Қазақстанда спорт түрлерінен 109 республикалық федерация, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлерінен - 40, ұлттық спорт түрінен - 7 федерация, мүгедектер спорты түрлерінен - 3 федерация және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 59 федерация жұмыс істейді. Біліктілікті арттыру мақсатында 2013 жылдан бері жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде жақын және алыс шет елдерде оқуға мүмкіндік алды. Отандық спортшылар жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуы ең маңызды нәтиже болып табылады. Қазақстанда 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының өткізілуі жалпыұлттық спортты зор салтанатқа бөледі, онда ел құрамасы бұдан бұрынғы Азия ойындарының бәріне қарағанда, жеңіп алған медальдар бойынша рекорд орнатып, бірінші орынға ие болды. 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан спортындағы елеулі оқиға болды, мұнда Қазақстан командасы өз тарихында тұңғыш рет әлемнің 205 елі ішінде бейресми командалық есепте 12-орынға табан тіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет