Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


ҚР Президентінің 01.09.2020 Ж. "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы



бет60/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

69. ҚР Президентінің 01.09.2020 Ж. "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.
Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. Елбасы – Nur Otan партиясы Төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз!» қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды.
Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда.Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы – біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл – кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз ке¬рек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген бол¬жам¬дарға негізделуге тиіс.
Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орын¬далатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.тБіз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен, еліміздің жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек. Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бас¬тайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық.Сондықтан әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.
Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ?
I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет. Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе¬сіне және оларды орындау жауапкершілі¬гіне деген көзқарасты өзгертуден бас¬тауымыз керек. Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал¬дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мем¬лекеттік жос¬парлау жүйесінің негізгі орта¬лығы¬на айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бас¬тысы, бар¬лық мемле¬кет¬тік органдар үшін орын¬дауға міндетті болуға тиіс. Реформалар жөніндегі жоғары прези¬денттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі.
Дәстүрге сай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарлау, орындау және бағалау қызметін негізінен мемлекеттік аппарат атқарады. Бұл – дұрыс емес. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі адам ресурстарын барынша жұмылдыруға тиіс, яғни жеке сектор мен қоғам өкіл¬дерін толыққанды серіктестер ретін¬де жұмыстың барлық кезеңіне – жоспар¬лауға, орындауға және бағалауға тартуы керек. Сан алуан көрсеткіштер мен индика¬т¬ор¬лардан тұратын мемлекеттік бағдар¬ламалар әзірлеуді тоқтату қажет. Барша аза¬матқа түсінікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негіз¬гі мақсат – жұмыстың барысы емес, нәти¬жесі болуға тиіс. Осындай түбегейлі реформаны жүр¬гізу үшін мемлекеттік аппараттың қыз¬ме¬тін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды. Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия ке¬зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша біз 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешетін боламыз. Соның нәтижесінде және цифрландыру үдерісін ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз.Үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады. Сондықтан 2021 жылғы 1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мем¬лекеттік қызметшілердің құлшы¬ны¬сын арттырып, жауапкершілігін нығай¬та түседі. Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби бі¬лікті, озық ойлы және бастамашыл ма¬ман¬¬дар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жет¬пейтін жабық кастаға айналмауға тиіс. Сонымен қатар кәсіби және этикалық нормалардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық дәс¬түрдің сақталуын қамтамасыз ету маңыз¬ды. Осы тұста жауапты хатшылар институтына арнайы тоқталғым келеді. Бұл институтты енгізген кезінде жа¬уапты хатшылардың жиі ауыспай жұмыс істеуі министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстардан босатып, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген ой болған. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты. Тіпті министрлер мен жауапты хатшылардың арасында түсініспеушілік туындап жатады. Мұның салдары ортақ жұмысқа зиянын тигізеді.
Негізгі жауапкершілік бір адамға, яғни Президент тағайындайтын министрге жүктелуі тиіс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын жойып, олардың міндеттерін министрліктің аппарат басшыларына жүктеген жөн. Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру үшін осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді тапсырамын. Норма шығару мәселесін де қайта қарау қажет. Карантин кезінде құқықтық жүйенің қасаңдығы қолбайлау болып, жұмысты қатты тежегені жасырын емес. Сол себепті, төтенше жағдай режімін енгізіп, «Төтенше жарлық» шығаруға тура келді. Бірақ мұндай шаралар дағдарыс жағ¬дайында мәселені түбегейлі шеш¬пейді.
Негізгі проблема атқарушы биліктің әр қадамының заңмен шектеліп, адымының ашылмауында болып отыр. Біз министрлер мен әкімдерге зор талап қоямыз, бірақ олардың өкілеттіктері заңдар мен қаулылардың нақты нормаларының аясында шектеледі. Бұл жағдай мемлекеттік аппараттың ғана емес, Парламенттің де жұмысын қиындатады. Парламент палаталары атқарушы органдардың құзыретіне беруге болатын егжей-тег¬жейлі баяндалатын нормаларды да қарас¬ты¬руға мәжбүр болып отыр. Алмағайып дүниеде жедел шешім қабылдай алмау ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Құ¬қықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлерінің арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету керек. Мұны кейінге қалдыруға болмайды.
Тағы бір маңызды міндет квазимемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару ісін жақсарту мәселесін шешу.
Елімізде ондаған ұлттық компания және он мыңдаған мемлекеттік кәсіпорын бар. Бұл ретте ірі квазимемлекеттік мекемелер акционерлік қоғам ретінде жұмыс жүргізеді, яғни олардың мақсаты – пайда табу. Егер мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі оларға берілсе, мұндай ком-паниялардың жұмысы азаматтарға және экономикаға нақты қызмет көрсетуге арналып, қосымша сипатқа ие болуы тиіс.Көптеген акционерлік қоғамда қалыпты түсініктер ауысып кеткен. Корпоративтік басқару қосымша бюрократиялық рәсімге айналып отыр. Тұтас квазимемлекеттік секторды реформалау ісін жалғастыру қажет. Кейбір шешімдер бүгін жарияланады, ал қал¬ған мәселелер бойынша Үкімет маған ұсыныс береді.

ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқталған сияқты. Әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек.
Әртараптандырылған және техно¬ло¬гияға негізделген экономика құру жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ.
Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлттық табыстың өсімінен түсетін игіліктерді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифтілерді» орнықтыру жөніндегі қоғамның өткір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек: Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі. Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі. Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу. Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру. Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту. «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау. Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу. Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көрсететін артықшылығымызға және нақты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз керек.
* * *
Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуе¬тімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды. Сапалық тұрғыдан мүлде жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет. Өнеркәсіпті реттеу және оған қолдау көрсету мәселелері түрлі заңнамалық актілерде көрініс тапқан. Бірақ ортақ мақсат көрсетілмеген, жүзеге асырылатын саясат пен шаралардың арасында өзара байланыс жоқ. Сондай-ақ жекелеген секторларды немесе салаларды реттейтін көптеген заң бар.
Мысалы, «Электр энергетикасы туралы» заң, «Көлік туралы» заң.Өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін «Өнеркәсіп саясаты туралы» бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз. Әрине, өнеркәсіпке қолдау көрсетудің кең көлемді қамтитын ауқымды шараларын сақтап қаламыз. Сонымен бірге Үкімет стратегиялық тұрғыдан маңызды өндірістерді, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындап, қолдау шараларының аясын кеңейту керек. Стратегиялық жобалар үшін заттай грантты, қаржыландыру жеңілдігін, жекелей кепілдікті, экспорттық қолдау тәсілдерін топтап ұсыну жолын қарастыру керек. Инвесторлардың қаржылық шығынының бір бөлігін салық төлеуден босату арқылы өтеуге болады.
Шағын және орта бизнес күрделі кезеңді бастан өткеруде. Шын мәнінде, пан¬демияның зардабы осы салаға ауыр тиді.Экономиканың шеккен зардабын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілді. Төлем мер¬зімі кейінге шегерілді, несиені жеңіл¬дік¬пен қайта қаржыландыру мүмкіндігі ұсы¬нылды. Бірақ, ахуал әлі де болса күрделі.
Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің қазіргі барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидия беруді тапсырамын. Субсидиялау Төтенше жағдай жарияланған сәттен, яғни биылғы 16 нау¬рыздан бастап 12 айлық кезеңді қамтиды.
Ұлттық банк көбірек зардап шеккен сек¬торлардағы шағын және орта бизнес¬тің айналым қаражатын көбейту үшін арнаулы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұған дейін бұл бағдарлама биыл аяқталады деп жоспарланған еді.
Қазіргі күрделі ахуалға байланысты аталған бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның аясын кеңейтуді тапсырамын. Осыған орай қосымша 200 миллиард теңге бөлу қажет. Сол арқылы бағдарламаның жалпы құнын 800 миллиард теңгеге дейін жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет