«Наурыз мейрамы»
қайтадан салтанат құрды.
Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне
айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі -
айтыс
қайта
жанданып жаңа дәуірге лайық екенін дәлелдеді.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің
барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу
жұмыстары сипаты жаңаша мазмұн алып қазақстандықтардың мәдениетін одан
әрі жандандырды. Әсіресе, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында
республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға
шығару, сол арқылы дүние жүзі қауымдастығына паш етуге жол ашылды.
Мысалы, осы кезде Жамбылдың 150 жылдығы аталып өтілді, 1997 жылы
М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы тиісті дәрежеде тойланды, 1999 жылы
Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас
мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |