Ойынның маңызы:
Тәрбиеленуші үшін
1. Ақыл - ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы
артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
2. Тәрбиеші үшін:
Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын
арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.
3. Ата-ана үшін:
Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді. Қазір бірнеше ойын топтарына тоқталып өткім келеді. Олар:
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? , – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |