Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары): № 1 ЕСЕП САБАҒЫ



бет19/27
Дата27.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#188885
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
appraktika12 (1)

(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары):

1 ЕСЕП САБАҒЫ


Құрлыс-монтаж кәсiпорынының монтажнигi қаупсiздiк канат жiбiн белiне байламай биiк мұнараға шығып дәнекерлiк жұмысын жасап жатқан кезде тұратын баспалдақ орны теңселiп тұрды, яғни тұрақты болмады. Бұл туралы учаске бастығына бiрнеше рет мәлiмдеме берген болатын және құрлыс-талабына сәйкес клемейтiн күйге жеткен болатын. Ал учаске бастығы бұған мәне бермедi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Учаске бастығы қандай құқықты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

2 ЕСЕП САБАҒЫ


“САНТА” ЖШС директоры Құрлысбаев К.К. белгiлi бiр жер учаскесiне техника кұраладарын жөндейтiн шеберхана баспанасын салды. Бұл құрлыс жөнiнде жерiгiлiктi әкiмдiктiң рұқсаты берлiмеген болатын. Ал директор Құрлысбаев К.К. әкiмдiктегi құрлыс бөлiм бастығымен тек телефон арқылы сөйлескен болатын. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Құрлысбаев К.К. қандай құқықты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

3 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Еңбекбаев Е.Е. жергiлiктi әкiмдiктегi жер қорын есеп жүргiзу бөлiм бастығы Көкiрековке тұрғын үй салу үшiн, жер учаскесiн бөлiп беруге өтiнiшпен жолықты. Бөлiм бастығы Көкiреков К.К. тұрғын үй салуға жер учаскесi жоқ, тек техникалық өңдеу шеберханасын салуға орындар бар дедi. Ал ауданның бас жоспары бойынша жүздеген тұрғын үй салуға орындар бар болатын. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Көкiреков К.К. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

4 ЕСЕП САБАҒЫ


Аудандық әкiмдiктегi жер қорын есепке алу бөлiмiнiң бастығы Жалпақов.Ж.Ж. аудан аумағында тiркелген жер аумағының құнарлығы мен сапасы жоғары жерлерiнiң санын жасырып оның кейбiр есептiк бониттерiн төмендетiп облыстық архитектураға жалған мәлiмет бердi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Жалпақов.Ж.Ж. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.
5 ЕСЕП САБАҒЫ
15 жастағы Ақылбаев А.А. мектептегi залдың iшiнде өзiнiң кластасын жаман сөздермен қорлап айтты .Мұны байқаған мекептiң күзетшiсi мен сынып жетекшiсi Ақылбаевты мектеп директорына алып барды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Ақылбаев А.А. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.
6 ЕСЕП САБАҒЫ
“Қалалық ГАЗ” қызметiн азамат Жалғанбаев Ж.Ж. өзiнiң тұратын көшесiнде газ иiсiнiң шыққаны туралы және газ құбырынынң жарылғаны туралы хабарлады. Оқиға болған жерге келген “Газ қызметi” ешқандай газ иiсiн және газ құбырының бұзылған жерiн таппады. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Жалғанбаев Ж.Ж. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

7 ЕСЕП САБАҒЫ


“АҚ-Нәсiл” ұйымының басшысы Нәсiлбаев Н.Н. Қазақстанда тек ақ нәсiлдер билеу керек ал қалған ұлттар, олар қоғамның ең төменгi деңгейдегi адамдар деп ақпарат хабар көздерi арқылы үгiт-насихат жұмысын жүргiздi. Басқа нәсiлдердi ұрып-соғуды, олрды мемлекеттен кетiру деген сөз-ұрандарын жазып көшеге және үй сыртына жазуларды жазды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Нәсiлбаев Н.Н. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

8 ЕСЕП САБАҒЫ


СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны “Бизнес орталық” ғимаратын салып аяқтаған соң көршiлес үйлердiң ауласында құрлыс материалдарын қалдыпы кеттi, оның себебiнен балалар аулада ойнай алмай және тұрғыедардың жүрiп-тұруына жзәне жеке автокөлiктердiң жүруiне мүлдем кедергi жасады. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.СУ “Құрлысмонтаж” кәсiпрорны қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.
9 ЕСЕП САБАҒЫ
Машина жасау заводының жинау цехның мастерi Шебербаев Ш.Ш. өзiнiң қарауындағы токар-фрезировщиктi баксына арнайы колпакты кимей жұмысқа жiбердi. Жұмыс кезiнде станоктың төменгi жағына еңкейген кезде шашы оралып аздап жұлынып қалды. Жұмыс сменына кiрiспестен бұрын техника қаупсiздiгiн кiм өткiзуге және әрбiр жұмысшының жұмысқа кiрсуiн кiм бақылау жүргiзуге тиiстi? Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Бұл жағдайда кiм кiналы болып табылады.
2.Жаупты негiздеңдер.
10 ЕСЕП САБАҒЫ
ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде негiзгi жазаның қандай түрлерi бар және оның нақты түрлерiн айтып берiңдер. Қосымша жазаның қандай түрлерi бар және оның натқты түрлерi қандай? Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Нқаты мысалдар келтiрiңдер.
2.Жауапты негiздеңдер
11 ЕСЕП САБАҒЫ
Азамат Мақтанбаев М.М. «Мерседес-Бенц» автокөлiгiн жүргiзiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiктi жүргiзу туралы куәлiгi және көлiк құралының иесi кiм туралы анықтайтын құжат болмай шықты. ҚР Заңдары бойынша автокөлiк құралдарын жүргiзу туралы және көлiк иесiн анықтайтын туралы қандай құжат мiндеттi түрде болуы керек. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Мақтанбаев М.М. қандай құқыты бұзды?
2.Сонымен қатар құжаттың атын айтып берiңдер Жауапты негiздеңдер.

12 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Сартаев С.С. өзiнiң жеке автокөлiгiмен жұрiп келе жатқан кезде оны жол полиция инспекторы жезламен тоқтату белгiсiн бердi. Бiрақ Сартаев С.С. бұған еш мән бермей тоқтамай өтiп кеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Сартаев С.С. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

13 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Даукесбаев Д.Д. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп кле жатқан кезде жол полициясы инспекторы тоқтатып тексерген кезде көлiк жүргiзушiнiң аузынан алкогольдiк иiсi шыққаны байқалды. Мұны байқаған инспектор медециналық сараптамадан өтудi талап еттi. Даукесбаев Д.Д. медициналық сараптамадан өтуден бас тартып инспекторге қоқан –лоқы көрсеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Даукесбаев Д.Д. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

14 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Қашқынбаев Қ.Қ. өзiнiң автокөлiгiмен жүрiп келе жатып жолда тұрған автокөлiктi соғып өтiп, және авариялық белгiнi басып өтiп және бұл әрекет жасғаны үшiн ешкiм көрмедi деп оқиға болған жерден дереу тоқтамай өтiп кеттi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Қашқынбаев Қ.Қ. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

15 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Жолаушиев Ж.Ж. Москва-Астана поезының № 12 вагонның жолсерiгi Мамбетов М.М. жолығып мынаны айтты: “Менде билет жоқ ,маған жедел түрде Астанаға жетуiм керек , ал жолақысын саған төлеймiн ” дедi. Ал вагон жолсерiгi бұған келiсiп бiрден жол ақысын төлеудiә талап еттi. Жолаушиев 3-мың теңгенi төледi. Ал вагон жолсерiгi ешқандай квитанция бермедi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Мамбетов М.М. қандай құқыты бұзды?
2.Жауапты негiздеңдер.

16 ЕСЕП САБАҒЫ


Прокуратура органы әкiмшiлiк құқы бұзу фактiлерi жөнiнде қандай құжатты: хаттаманы, қаулыны, айыптау қортындысын, талап-арызын және т.б. жазуы керек болады. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.ҚР ӘҚБ туралы кодексте қалай айтылған.
2.Жауапты негiздеңдер.
17 ЕСЕП САБАҒЫ
Әскери қызметте жүрген прапорщик Әскербаев Ә.Ә. мас күйiнде келе жатып былапы жаман сөздердi айтып, көшедегi адамдарға жөнсiз кемiту сөздерiн айтты. Мұны көрген әскери полиция қызметi ұстап комендаптураға алып келдi. Әскербаевтың арақ iшiмдiгi анықталды. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.ҚР ӘҚБ кодексi бойынша Әскербаев Ә.Ә.қандай құқықты бұзды.
2.Қандай заңды нормативтiк актiсi бойынша жауапқа тартылуға тиiстi?

18 ЕСЕП САБАҒЫ


Полиция патруль қызметшiсiне азамат Борсықбаевқа Б.Б. жеке құжатты көрсетудi талап еткенi үшiн дөрекi, кемiту сөздерiн айтты. Бұл қылығы үшiн полиция қызметшiсi полиция бөлiмiне алып келдi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Борсықбаевқа Б.Б.әкiмшiлiк құқықты бұзды ма?
2.Жауапты негiздеңдер.

19 ЕСЕП САБАҒЫ


“Карл Маркс” колхозының төрағасы Бастықов Б.Б. тракторист Хасенов жұмысқа кешiккенi үшiн оның еңбек ақысынан 5 мың теңгенi ұстауға бұйрық бердi. Бұған көнбеген Хасенов прокуратураға шағым бердi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Бастықов Б.Б. әкiмшiлiк құқықты бұзды ма?
2.Жауапты негiздеңдер.

20 ЕСЕП САБАҒЫ


ҚР Президентiнiң Жарлығы бойынша Қостанай облысы аумағына төтенше жағдай енгiзiлдi. Осы жағдайдың заңы мен ҚР Президентi Жарлығы бойынша кешкi сағат 21-00 ден таңғы 7-00 дейiн үйден шығуға және көшеде автокөлiкпен жүруге тиым салынды. Ал азамат Асанов А.А. кешкi сағат 23-00 полиция органы ұстап комендатураға алып келдi. Осы есептiң мазмұны бойынша мына мән-жайды анықтау керек болады:
1.Асанов А.А. әкiмшiлiк құқықты бұзды ма?
2.Жауапты негiздеңдер.
21 ЕСЕП САБАҒЫ
Азамат Қырсықбаев Қ.Қ. орталық саябақта жүрген кезде өзiнiң бұрынғы танысын көрiп оны әр-түрлi ар-ожданын, абыройын кемiтетiн сөздердi айтты. Мұны көрген екi азамат көршiлес полиця бекетiне хабар бердi. Қырсықбаевты полиция патрулi IIБ алып келдi. Осы iске байланысты учаске инспекторы хаттаманы жазды.
ҚР ӘҚБ туралы кодексi бойынша мына мәселенi шешу керек:
Қырысықбаев қандай құқықты бұзды?
2. Осы атлаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi бойынша қандай орган қарап
шешiм қабылдауға тиiстi?

22 ЕСЕП САБАҒЫ


Азамат Мақтанов М.М. түнде ойын-сауықтан үйiне оралған соң музыаны қатты дауысқа қойды. Мұны iстiп ұйқыдан оянған көршiлерi дереу полицияға хабарлады. Мақтанов өзiнiң түсiнiктемесiнде өз үйiмде не iстесем де соны iстеймiн дедi.
ҚР ӘҚБ туралы кодексi бойынша мына мәселенi шешу керек:
1.Мақтанов М.М. қандай құқықты бұзды?
2.Осы атлаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi бойынша қандай орган қарап
шешiм қабылдауға тиiстi?

23 ЕСЕП САБАҒЫ


Жеке кәсiпкер Кәсiпбаев К.К. өзiнiң шарауа қожалығы жөнiнде жұмысшылар еңбек ақысын дер кезiнде төлемей және шығарылған өнiмдердiң санын әдейi дұрыс көрсетпеу нәтижесiнде банкротқа әкелiп соқтырды.
ҚР ӘҚБ туралы кодексi бойынша мына мәселенi шешу керек:
1. Кәсiпбаев К.К. қандай құқықты бұзды?
2. Осы атлаған әкiмшiлiк құқық бұзу фактiсi бойынша қандай орган қарап
шешiм қабылдауға тиiстi?

№ 21. Тақырып: Мемлекеттiк басқару аясындағы заңдылықты бақылау


және қадағалау.
(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):
1.Заңдылық дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiз?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
2.Мемлекеттiк басқарудағы заңдылықтың маңызы неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
3.Заңдылық қандай жағдайларда сақталуы керек?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
4.Заңдылықтың белгiсi неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
5.Құқытық тәртiптi қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
6.Қоғамдық тәртiп дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
7.Заңды қолдану (пайдалану) дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
8. Бақылау дегенiмiз не және ол қай кезде жүргiзiледi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
9. Бақылаудың қандай түрлерi бар?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
10.Ведомствалық бақылауды қалай түсiнесiз?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
11.Ведомствадан жоғары бақылауды қалай түсiнесiз?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
12.ҚР Президенттiк бақылаудың маңыздылығы мен ерекшелiгi неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
13.ҚР Үкiметтiк бақылаудың маңызы неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
14.Жергiлiктi бақылауды қандай органдар жүзеге асырады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
15.Қадағалау дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
16. Қадағалаудың қандай түрлерi бар?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
17.Прокурорлық қадағалаудың маңызы неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
18.Әкiмшiлiк қадағалауды қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
19.Әкiмшiлiк қадағалаудың қандай түрлерi бар?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
20. Соттық қадағалаудың маңызы неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
21. Арнайы әкiмшiлiк қадағалаудың маңызы неден тьұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
22. Арнайы әкiмшiлiк қадағалауды қандай органдар жүргiзедi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
23. Санитарлық – эпидемиалық қадағалаудың мақсаты неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
24. Ветеринарлық қадағалаудың мақсаты неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
25.Жол қаупсiздiгiн қадағалауды қандай органдар жүргiзедi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.

№ 22. Тақырып: Мемлекеттiк басқару аясындағы заңдылықты бақылау


және қадағалаудың маңызы.
(СОӨЖ сабағының есептiк жаттығулары):
1.1. Әкімшілік жауаптылық шеңберiн анықтаушы негiзгi
нормативтiк құқық актiсiне қандай құқық нормасы жатады?
А) “ Әкімшілік іс-жүргiзу” туралы ҚР Заңы;
В) “ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” ҚР Заңы;
С) “Әкімшілік жауапкершілік туралы” ҚР кодексі;
D) “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” ҚР Кодексі;
Е) ҚР Конституциясы.
**************
2.1. Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз не?
А) әкімшілік заңнамасымен орнатылған, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасағаны үшiн, жеке және заңды тұлғалрға
салынатын ,өкiлеттi органдардың немесе лауазымды
тұлғалардың құзыреттiгi шеңберiнде қолданылатын заңды
шаралардың бiр түрi айтады;
В) әкімшілік заңнаманың бекітуiмен әкімшілік құқық бұзушылық
тәртібіне байланысты құқықтық шараны жасау тәсiлiн айтады;
С) әкімшілік заңнамасымен орнатылған, құқық бұзушылық
тәртібіне байланысты ,тәртiптiк құқықты бұзғаны үшiн
жауапкершiлiктiң бiр саласы;
D) әкімшілік заңмен орнатылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасағаны үшiн, қоғамдық ұйымдарға салынатын жаза;
Е) әкімшілік заңы бойынша ,әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасағаны үшiн, жеке және қоғамдық ұйымға салынатын өкiлеттi.
*************
3.1. Әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын тұлғаларға кiмдер
жатады?
А) ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ
тұлғалар, әскери қызметшiлер;
В) әкiмшiлiк және саяси мемлекеттiк қызметшiлер;
С) жеке және заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар;
D) тек лауазымды тұлғалар, қоғамдық қызметшiлер;
Е) тек жеке тұлғалар.
*************
4.1. Әкімшілік құқық бұзушылық дегенiмiз не?
А) құқыққа қарсы жеке немесе заңды тұлғаның жасаған iс
әрекетiн айтады;
В) құқыққа қарсы, кiнәлi негiзiнде қасақана немесе абайсызда
жасалған құқық бұзушылық фактсi бойынша ҚР әкiмшiлiк
кодексi бойынша жауапқа тартылуын айтады;
С) және заңды тұлғаның нақты құқық бұзу негiзiнде қасақана
немесе абайсызда жасалған қөылмыстары бойынша әкiмшiлiк
жауапқа тартылуы;
D) ҚР ӘҚБ кодексiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiгi көрсетлгендей,
жеке тұлғаның немесе заңды , лауазымды тұлғаның әрекет
жасауы, не жасамауы бойынша (қасақана немесе абайсызда)
жасалған құқыққа қарсы терiс қылыған айтады;
Е) ҚР қылмыстық кодексiнiң нормасы бойынша көрсетiлгендей
әкiмшiлiк жауапқа тартылуын айтады.
************
5.1.Әкiмшiлiк құқықты бұзғаны үшiн ,құқық бұзушы неше жасқа
толғаннан бастап жауапқа тартылады?
А) 16 жастан ;
В) 12 жастан ;
С) 18 жастан ;
D) 15 жастан ;
Е) 20 жастан.
*************
6.1.Азаматтар әскери жиында жүрген кезде ,әкiмшiлiк құқықты
бұзғаны үшiн ,қанда нормативтiк құқық актiсi бойынша әкiмшiлiк
жауапқа тартылады?
А) әскери тәртіптiк жарғысы бойынша ;
В) ар-намыстың кодексі бойынша;
С) ”Мемлекеттік ќызмет туралы” ҚР Заңы бойынша;
D) Әскери доктрина бойынша;
Е) “Әкімшілік рәсiмдер туралы” ҚР Заңы бойынша.
************
7.1. ҚР аумағында шетелдiң заңды тұлғалары және азаматтығы жоқ
тұлғалар әкiмшiлiк құқықты бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа
тартыла ма?
А) 1964 жылғы Вена конвенциясы бойынша;
В) Мемлекеттiк қызмет туралы ҚР Заңы бойынша;
С) БҰҰ Бас Ассамблеясы бойынша;
D) ҚР ӘҚБ туралы кодексiнiң 37 баптың 1-шi тармақта көрсетлген
жалпы негiз бойынша әкiмшiлiк жауапқа тартылады ;
Е) лауазымды тұлға әдейi арандатушылық жасаған болса.
**************
8.1. ҚР аумағында шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары және
азаматтығы жоқ тұлғалар әкiмшiлiк жауапқа тартыла ма?
А) ерекше ауыр құқықбұзушылық жасағанда;
В) ҚР ӘҚБ туралы кодекстiң талабы бойынша жалпы негiз бойнша,
егер заңда басқа мән- жәйлар көрсетілмеген болса ;
С) тек әскери немесе төтенше жағдай мерзімінде құқық бұзушылық
жасаса;
D) сол елдiң мемлекеттік заңмен келiсе отырып жауапқа тартылады;
Е) ерекше жағдайда халықаралық шартпен анықталады.
***************
9.1.Әкімшілік жауапкершіліктен босататын қандай жағдайлар
болады?
А) нақты қорғау әдiсәi, құқық бұзғаны үшiн тұлғаны ұстау, аса
қажеттiлiк; негiздi тәуекел; физикалық немесе психикалық
мәжбүрлеу; физикалық жан кұзелiсiнiң әсерiнен құқық бұзуы;
В) тиiстi қорғау шарасы, құқық бұзғаны үшiн тұлғаны ұстау, аса
қажеттiлiк; негiздi тәуекел; мас күйiнде құқық бұзушылқ жасауы;
бұйрықты немесе өкiмдi орындауы;
С) құқық бұзғаны үшiн тұлғаны ұстау, қажеттiлiк; негiздi
тәуекел; ұзақ өкiншi бiлдiру; физикалық немесе бұйрыты
орындау;
D) кiнәлiнiң зиянды зардаптың тумауына шараны қолдануы;
нұсқауды орындау;
Е) қажеттi қорғану, құқық бұзғаны үшiн тұлғаны ұстау, аса
қажеттiлiк; негiздi тәуекелдiк; физикалық немесе психикалық
мәжбүрлiк; бұйрықты және өкiмдi орындау;
****************
10.1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеңілдететін
мән-жайлар неден тұрады?
А) кiнәлiнiң мойындауы және өкiнiшi; құқық бұзушының өз еркiмен
зиянды алдын ала болдыртпау шарасын жасауы;
В) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан күйзелiске әсер еткен
кезде немесе психикалық мәжбүрлiк ету нәтижесiнде жасауы;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның
жасауы; әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң
немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы ;
С) күштеу немесе психологиялық қысым жасау нәтижесінде
әкімшілік құқықбұзушылық жасау;
D) кiнәлiнiң өкiнуi, кiнәлiнiң құқық бұзушылықтың зиянды
зардаптарын боолдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе
келтірген зиянды жою, кешiрiм сұрау;
Е) кiнәлiнiң құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын
болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе
келтірген зиянды жою.
************
11.1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшiн жауаптылықты
ауырлататын қандай мән- жайлар болады?
А) тиiстi уәкiлеттi адамдардың құқыққа қарсы мiнез- құлықты
тоқтатуды талап еткенiне қарамастан оны жалғастыра беруi;
көңiл-күйiнiң күйзеслiсi жағдайнда құқық бұзушылық жасауы;
В) ҚР ӘҚБ кодексiнiң 66-бабы бойынша көрсетiлген әкiмшiлiк
құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiр жыл
iшiнде бiр түрде қайта құқық бұзушылық жасаған болса;
С) кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
құқық бұзуды ұйымдастырушы жүйке ауруымен ауыратынын
әдейi бiле тұра қылмыс жасауға тартуы, не әкiмшiлiк
жауапкершiлiгi туындайтын жасы жетпеген адамдарды
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы ;
D) ұлттық нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық
себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекет үшiн кек алуы;
Е) жекенiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; табиғи
апат жағдайына немесе басқа да абайсызда әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасау.
***************
12.1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне қандай қылықтар
жатады?
А) қоғамға қауптiлiк немесе зиянкестiк; iс-әрекет (әрекеттiк
және әрекетсiздiк) ой мен сенiм арту емес ; құқыққа қарсылық;
қоғамға қауптiлiк; кiнәлiк; әкімшілік жазалаушылық;
В) қоғамдық қарсылық немесе зияндылық; iс-әрекет (әрекеттiлiк
және әрекетсiздiк), сенiм бiлдiру;
С) қоғамдық қауіп немесе зияндылық, ой немесе сендіру, құқыққа
қарсылық жасау;
D) қоғамдық қауіп немесе зияндылық, ой немесе сендіру, құқыққа
қарсылық; әкімшілік ескерту;
Е) қоғамдық қауіп немесе зияндылық , ой немесе сендіру, құқыққа
қарсылық; қылмыстық әрекет.
*************
13.1. Әкімшілік құқық бұзушылық белгісінің құрамына нелер
кіредi?
А) объект; субъект; объективтiк жағы; мазмұны;
В) объект; субъект және мазмұны;
С) міндетті және факултативтік белгілер;
D) субъект; субъективтiк жағы, объект;объективтiк жағы ;
Е) iс-әрекет, құқыққа қарсы туатын зардаптар, iс-әрекет.
***************
14.1.Әкімшілік жауапкершіліктің субъективтiк белгілері нелерге
бөлiнедi?
А) жекелiк және қоғамдық;
В) қосымша және факультативті;
С) жалпы және арнайы;
D) тұрақты және қосымша;
Е) сапалы және сандық ретi.
***************
15.1.Әкімшілік жауапкершілік субъектінің жалпы белгісіне
нелер жатады?
А) 18 жасқа толуы; есi дұрыс;
В) 16 жасқа толуы; есi дұрыс ;
С) қажеттi жасқа жетуi немесе ҚР азаматтығы болуы;
D) 17 жасқа толуы; есi дұрыс және азаматтығы болуы;
Е) 19 жасқа толуы; есi дұрыс.
****************
16.1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны судья немесе
iстi қарауға өкiлеттiгi бар огранның лауазымды тұлғасы
әкімшілік жауапершіліктен қандай жағдайда босатуы мүмкiн?
А) егер тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаса;
құқық бұзудан келген зардап, шығын елеусiз болса; ескiру
мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптан босату;
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде; жағдайдың өзгеруiне,
науқастануға байланысты;
В) егер тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаса;
құқық бұзушылық елеусiз болса; қоғамдық жұмысты атқарса;
С) егер тұлға құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаса; құқық
бұзушылық елеусiз болса; саяси партияда болса;
D) егер тұлға құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаса;
әкiмшiлiк қадағалау есебiнен алынса;
Е) егер тұлға құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаса;
құқық бұзу мерзiмi өткен болса ; рақымшылық жасау
актiсi шықса; жанұялық ауыр жағдайдына байланысты.
**************
17.1.Төменде көрсетлген қай мерзiм өткен соң тұлға әкімшілік
жауапкершілікке тартылмайды?
А) 1 ай;
В) 1 жыл;
С) 2 ай ;
D) 2 жыл ;
Е) 3 жыл .
**************
18.1.Қай мерзiм өткен соң , салық саласында әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауапқа тартылмайды?
А) жасаған күннен 6 ай өткен соң;
В) фактiсi анықталғаннан бастап 1,5 жыл өткен соң;
С) жасалған күннен 1 ай өткен соң;
D) жасалған күннен 3 ай өткен соң;
Е) жасалған күннен бастап 1 жыл өткен соң ;
***************
19.1. Салық саласында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасағаны үшiн ,заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер қай
мерзiм өткен соң әкiмшiлiк жауапқа тартылмайды?
А) жасалған күннен 6 ай өткен соң ;
В) тапқан күннен 1 жыл өткен соң ;
С) жасаған күннен 3 ай өткен соң ;
D) жасаған күннен бастап 3 жыл өткен соң ;
Е) тапқан күннен 3 ай өткен соң.
**************
20.1.Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, тұлға
әкiмшiлiк құқық бұзушылығы анықталған күннен бастап қай
мерзiм өткен соң жауапқа тартылмайды?
А) анықталған күннен бастап 2 ай өткен соң ;
В) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаннан 5 ай өткен соң;
С) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен 6 ай өткен соң;
D) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған күннен 7 ай өткен соң;
Е) әкімшілік құқық бұзушылығы жасалған күннен 1 жыл өткен соң.
*************
21.1.Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық
белгiлерi болған кезде, қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған
не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық
iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм
қабылдаған күннен бастап қай мерзiмiнен кешiктiрiлмей
жауапқа тартылуы мүмкiн?
А) қылмыстық іс қозғаған күннен бастап 4 айдан кешiкпей;
В) қылмыстық істi қозғаудан бас тартқан күннен бастап немесе iстi
қысқартылғаны туралы шешiм қабылдаған күннен бастап 3 айдан
кешiктiрiлмей ;
С) қылмыстық iс қозғау турлы бас тарқан немесе қысқарту туралы
шешiм қабылдаған күннен бастап 2 ай өтсе;
D) қылмыстық iс қозғау турлы бас тарқан немесе қысқарту туралы
шешiм қабылдаған күннен бастап 6 ай өтсе;
Е) қылмыстық iс қозғау турлы бас тарқан немесе қысқарту туралы
шешiм қабылдаған күннен бастап 1 жыл өткен соң.
**************
22.1.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы рақымшылық актiсiн
қай орған шығарада?
А) ҚР Президетi нақты тұлғаны анықтамай;
В) ҚР Парламентi нақты тұлғаны анықтай отырып;
С) ҚР Парламентi нақты тұлғаны немесе тұлғаларды анықтамай ;
D) ҚР Үкiметi нақты жеке тұлғаны анықтамай;
Е) ҚР Жоғарғы Соты нақты жеке тұлғалар тобын анықтай отырып.
**************
23.1.Кәмелетке толмағандарға салынатын айыппұл қандай мөлшерден
аспауы керек?
А) 5 айлық есептiк көрсеткiштен ;
В) 1 айлық есептiк көрсеткiштен ;
С) 4 айлық есептiк көрсеткiштен;
D) 12 айлық есептiк көрсеткiштен;
Е) 15 айлық есептiк көрсеткiштен.
**************
24.1.Кәмелетке толмағанның әкімшілік жазаға тартылды деп
есептелетiн мерзiмi қандай?
А) әкімшілік құқық бұзушылығы жасаған күнiнен 7 ай өткен соң ;
В) әкімшілік қаулысын орындаудан 2 жыл өткен соң ;
С) әкімшілік құқық бұзушылығынан 1 жыл өткен соң ;
D) әкімшілік құқық бұзу жасалған күнiнен 5 ай өткен соң ;
Е) әкімшілік жазаны салу туралы қаулысы шығарылған күннен
бастап 6 ай өткен соң;
**************
25.1. Жеке тұлғаның құқығына қол сұғуға байланысты әкімшілік
құқық бұзушылыққа қандай қылықтар жатады?
А) қылмыс жасады деген айыпты мәлеметтерді тарату, жариялау.;
В) кәмелетке толмағандарға алкогольдік iшiмдiктерiн сату;
С) есептiк тапсыру мерзімінен бағалы қағаздарды сауда рыногына
қатысушылардың қызметік тәртiбiн бұзу;
D) бұқаралық ақпарат көздерi арқылы , сайлауды өткiзу
мәселесiндегi , алдын ала үгiт- насихат ережесiн бұзу;
Е) қоғамдық көпшiлiк орындарында спирт iшiмдiктерiн iшкенi
үшiн немесе мас күйiнде адам қасиетiн қорлайтын жай.
****************
26.1. ҚР ӘҚБ туралы кодексiнiң 80-бап “ҚР азаматтығын алуға
кедергi келтiру” құқық бұзу субъектiсiне кiмдер жатады?
А) ҚР-ның азаматтары;
В) шетелдік азаматтар;
С) азаматтықты алу мәселесiн рәсiмдеушi лауазымды тұлғалар;
D) заңды тұлғалар;
Е) әскери қызметшiлер.
****************
27.1. Тiл туралы заңнаманы бұзғаны үшiн лауазымды тұлғаларға
5-тен 20- айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi айыппұлды қай
орган (лауазымды тұлға) салады?
А) әкімшілік тәртіп бойынша;
В) соттық тәртіп бойынша;
С) полиция бастығының қаулысы бойынша;
D) әдiлет органының бастығы ;
Е) жоғарғы деңгейде тұрған орган (лауазымды тұлға).
****************
28.1. Медициналық қызметшінің заңнама актісiмен кепiлденген,
медициналық көмегін азаматқа көрсетпегенi үшiн, қандай
жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады?
А) кез келген жағдайда;
В) егер бұндай әрекет денсаулығына орта дәрежеде зиян келтiрген
болса; өлген боса;
С) егер бұндай әрекет ауыр жағдайға тап болса;
D) егер бұндай әрекет орта дәрежеде денсаулығына зиян келтiрмей
және ауыр жағдайға тап болмаса.;
Е) егер бұндай әрекет жұмыс уақытында болса.
****************
29.1. Қылмысты жасады деген мәлiметтердi тарату субъектiсiне
кiмдер жатады?
А) тек азаматтар;
В) тек заңды тұлғалар;
С) тек лауазымды тұлғалар;
D) лауазымды және заңды тұлғалар;
Е) азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар.;
****************
30.1. Әкімшілік жаза дегенiмiз не?
А) ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде көрсетiлгендей, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған тұлғаға қолданылатын , құқығын,
бостандығын айыратын немесе шек қойылатын мемлекеттік
органдарының (лауазымды тұлғалардың), судьяның заңды
қолданудағы мемлекеттiк мәжбүрлiк шарасын айтады.;
В) ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде көрсетiлгендей, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған тұлғаға қолданылатын , құқығын,
бостандығын айыратын iс-әрекет;
С) ҚР ӘҚБ туралы кодексiнде және ҚР Конституциясында
көрсетiлгендей, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға
қолданылатын , құқығын, бостандығын айыратын немесе шек
қойылатын ауызша ескерту шаралары;
D) ҚР ӘҚБ туралы ҚР Заңда көрсетiлгендей, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған тұлғаға қолданылатын , полицияның заңды
қолданудағы мемлекеттiк бұлтартпау шарасы;
Е) ҚР ӘҚБ туралы кдексiнде көрсетiлгендей, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған тұлғаға қолданылатын , құқығын,
бостандығын айыратын әрекет.
***************

№ 23. Тақырып: Әкiмшiлiк- құқықтық режимдер.


(Тәжiрибе сабағының жаттығыу сұрақтары):
1.Әкiмшiлiк құқытық режимдерiн қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
2. Әкiмшiлiк –құқытық режимдерiнiң принциптерi неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
3. Жалпы құқық режимдерi дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
4.Төтенше жағдай дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
5.Жалпы құқытық режимдер дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
6.Әдеттегiдей құқытық режимдер дегенiмiз не және оны қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
7.Төтенше (сұрапыл) режимдерiне нақты түсiнiктеме берiңдер.
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
8.Табиғи апатқа байланысты енгiзiлетiн төтенше жағдайлар?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
9. Техногендiк апатқа байланысты төтенше жағдайлар?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
10.Ерекше жағдай дегенiмздi қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
11.Төтенше жағдайды қандай орган немесе лауазымды тұлға енгiзедi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
12.Төтенше жағдайды ҚР тегiс аумағы бойынша қай мерзiмге дейiн
енгiзiледi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
13.Төтенше жағдай ҚР кейбiр аумақтарында қай мерзiмге дейiн енгiзiледi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
14. Ерекше жағдайларды қандай жағдайларға байланысты енгiзуi мүмкiн?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
15.Ерекше жағдайларды қандай орган нмесе лауазымды тұлғалар енгiзедi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
16. Әскери жағда қандай жағдайға байланысты енгiзiледi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
17.Әскери жағдайды қандай орган немесе лауазымды тұлға енгiзедi?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
18. Мемлекеттiк шекараның мызғымастығын қалай түсiнесiз?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
19. Мемдлекеттiк шекараның маңызы неден тұрады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
20. Шекрағаны деморкациялау дегенiмiздi қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
21. Шекрағаны делемитациялау дегенiмiздi қалай түсiнесiздер?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
22. Шекарадағы кедендiк бақылауды қалай түсiнесiз?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
23.Шекарадағы миграциялық қызметтерiн қандай органдар атқарады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
24. Шекарадағы контробанда және басқа да заңсыз тауарларды өткiзудi
бақылауын қандай органдар атқарады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.
25.ҚР аумағында шетелдiк және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР аумағынан
әкiмшiлiк жолмен кетiрудi қай органдар жүзеге асырады?
Нақты мысалдар келтiрiңдер.

24. Тақырып: Әкiмшiлiк - құқықтық режимнің маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет