Тақырып 7. Бағалар және бағаны жасау
Дәріс жоспары:
Баға жасау қағидалары
Баға жасау әдістері
Баға және баға жасау саясатының механизмы
1. Баға жасау қағидалары
Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
Баға жасау қағидалары: 1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):
а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;
б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.
2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:
3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).
Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
а) есебке алу функциясы
б) Ынталандырушы функция.
В) Бөлу функциясы.
Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы..
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн; 2. прейскурантты баға; 3. келісімдік баға.
А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары.
А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.
Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |