Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси– әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды.
Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, ал жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқытудың жалпы заңдылықтары оқыту процесінің бүкіл жүйесін қамтиды, атап кетер болсақ, оқытудың мақсаты, мазмұны,сапасы, әдістері мен оқытуды басқару және оқуға ынталандыру, т.б.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары мыналар:
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс – тәсілдері қоғам талабына,
мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының оқуға деген танымдық құштарлығы мен қажеттілік мотиві артқан
сайын, оқыту сапасы жоғарылайды .
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс– әрекеттеріне тәуелді.
Әрбір оқушы тұлғасының оқыту барысында жас және дара ерекшелігін ескере
отырып, таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс– тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |