21.2. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқытудың кең таралған сынып – сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды.
Сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берген тапсырманы орындайды.
Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру;
Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы;
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу;
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту;
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау;
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр уақытта тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |