2.2. Педагогиканың философиялық негіздемесі
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әртүрлі ғылымда философиялық бағыт бағдарлар, теориялық көзқарастар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан философиялық білімдерді атауға болады:
– экзистенциализм
– неотомизм
– неопозитивизм
– прагматизм
– диалектикалық материализм
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты ұстанушы өкілдер: Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов (Ресей), М.Хайдеттер, Г.Ясперс (Алмания), Ж.Сатр, А.Камю (Франция), Э.Брейзах, П.Тиллих (АҚШ).
Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – тіршілік – өз «меніне» шомған жекелеген адам болмысы. Экзистенциалистердің пікірінше, мектептің мақсаты оқушыларды өзін- өзі қалыптастыруға үйрету, өз «менін» жасауға қажетті тәрбие мен білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |