1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Б. Ш. Жонкин
ТРАВМАТОЛОГИЯ
ЖӘНЕ
ОРТОПЕДИЯ
оқулық
Қарағанды 2015 ж
2
УДК 617.3(02)
ББК 54.58я7
Ж 70
Рецензенттер
А. З. Дюсупов - медицина ғылымының докторы, профессор.
Семей қаласы ММУ-нің апаттық медицина кафедрасының меңгерушісі.ҚР
ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
М. Т Абильмажинов -медицина ғылымының докторы, профессор, «Астана
медицина
университеті»
АҚ-ның
травматология
және
ортопедия
кафедрасының меңгерушісі.
Б. Е. Төлеубаев - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды
Мемлекеттік Медицина университеті.
Ж 70 Жонкин Б. Ш. Травматология және ортопедия: оқулық. –
Қарағанды. – 2015ж . – 288 б.
Қосымша авторлар: Т. М. Әбиев, М. Ж. Дәулетбаев, Б. Е. Төлеубаев
А.А. Кошанова, Б.Қ. Қамбарханов.
ISBN 978-601-273-284-9
Оқулықта травматология және ортопедияның негізгі бөлімдері бойынша
ақпарат берілген және ортопедиялық аурулардың даму себептері,
клиникалық белгілері мен емдеу сұрақтары қарастырылған.
ББК 54.58я7
ҚММУ Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, басылымға ұсынылған.
№4 26.11.2015ж.
ISBN 978-601-273-284-9 ©
Б. Ш. Жонкин
, 2015
3
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз...................................................................................................... 4
Кіріспе......................................................................................................... 6
Бірінші бөлім............................................................................................. 7
Травматолгия және ортопедияның жалпы сұрақтары............................ 7
I тарау. Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды тексеру
ерекшеліктері..............................................................................................
7
II тарау. Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды
емдеудің негізгі әдістері............................................................................
17
III тарау. Сүйек тіндерінің қайта қалпына келуі..................................... 35
IV тарау. Бітпеген сынық, жалған буын, қисық біткен сынық.............. 39
V тарау. Ампутация.................................................................................... 43
Бірінші бөлім бойынша тест сұрақтары.............................................. 45
Екінші бөлім.............................................................................................. 49
Травматолгия.............................................................................................. 49
I тарау. Сүйектің жарақат салдарынан буыннан шығуы........................ 49
II тарау. Сіңір мен бұлшықеттердің жарақаттануы................................ 64
III тарау. Сүйектер сынуының заманауи халықаралық (AO/ASIF)
әмбебап жіктеуі..........................................................................................
68
IV тарау. Кеуде және иық бойы жарақаттары......................................... 70
V тарау. Омыртқа жотасының зақымдануы............................................ 93
VI тарау. Жамбастың және жамбас ағзаларының зақымдалуы............. 119
VII тарау. Қол сүйектерінің сынуы.......................................................... 139
VIII тарау. Аяқ сүйектерінің сынуы......................................................... 162
IX тарау. Сүйектер мен буындардың ашық жарақаттануы.................... 184
X тарау. Политравма.................................................................................. 190
XI тарау. Тірек-қозғалыс аппаратының жарақатының асқынуы........... 194
Екінші бөлім бойынша тест сұрақтары............................................... 209
Үшінші бөлім............................................................................................. 213
Ортопедия................................................................................................... 213
I тарау. Аяқ-қолдың туа біткен кемістіктері............................................ 213
II тарау. Туа біткен бұлшықеттік қисық мойын...................................... 227
III тарау. Омыртқаның қисаюы (Сколиоз)............................................... 233
IV тарау. Жамбас-сан буынының дисплазиясы мен туа болған сан
басының шығуы..........................................................................................
249
V тарау. Туа болған маймақ аяқ................................................................ 267
Үшінші бөлім бойынша тест сұрықтары............................................ 274
Оқулық бойынша тест сұрақтары............................................................. 278
Әдебиеттер тізімі........................................................................................ 286
4
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі заманда травматология және ортопедия мамандығы бойынша
қазақша толық деңгейде басылып шыққан оқулық бірен-саран. Сонымен
қатар медицина ғылымы ұдайыдамып, жетілуде. Мемлекеттік білімділік
стандартта дәрігерлерді дайындау барысында оларға қойылатын талаптарда
өзгеруде.
Кейінгі он жылда халықаралық терроризмнің жиілеуімен қоғамдық
урбанизация, табиғаттың апаттық жағдайының жиілеуіне байланысты
жарақаттанудың санының өсуі көбеюде, жол көліктік жарақат өсуде.
Экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты тірек-қимыл мүшелерінің
туа және жүре пайда болған сырқаттарының саны артуда, остеопороз,
буындар мен омыртқа аурулары кездесуде.
Қазірде жоғары сапалы медициналық технологияның шұғыл дамуы
байқалады.Сырқаттарды операциялық жолмен емдеу кіші инвазивті
технологияларды қолдану тәсілдері қайта қаралуда. Эндоскопиялық
хирургия дамып буындар сырқаттарымен зақымдалуында жаңа әдістер
енгізілуде.
Жарақаттанғандарға ауруханаға дейінгі бірінші көмек көрсету негіздері
қайта қаралуда.
Дәрігер кадрларын дайындау барысы түпкілікті өзгертілуде. Бүгінгі күні
студенттерге арнаулы оқулық құралдар, отандық, шет мемлекет
ғалымдарының
ғылыми
еңбектері
және
тексеріс
компьютерлік
бағдарламалар жеткілікті. Осы жетістіктердің пайдалылығы біржағынан
кейбір авторлардың өзіндік жекелей көзқарасы бүгінгі күннің талабына
сәйкес келмеуде, осы себепті үлкен қауіп төндіру мүмкіндігін есте сақтаған
жөн. Оқулық ерекше бір жол көрсететін құрал болып, осы заманғы
травматология және ортопедия идеологиясынболашақ дәрігерлерге толықтай
түсіндіруге арналғаны жөн.
Жоғарыда айтылған мәселелер оқулықты жаңадан қайта толықтырып,
Мемлекеттік стандартқа травматология және ортопедия саласы бойынша
біздер емдеу ісі 040100 бойынша басып шығару ісін жүзеге асырмақшы
болдық.
Травматология және ортопедия оқулығы бірінші рет 1994ж. Профессор
К.С. Садырбаевтың құрастыруымен қазақша басылып шыққан. 20-жылдан
астам уақыт ішінде осы оқулықты қазақ бөлімінде оқыған көптеген
студенттер қолданып келді.
Біздің байқауымызша, жаңа заман талаптарына байланысты жоғарыда
айтылған мәселелерге орай бұл кітап бірінші рет басылып шығарылуға
байланысты, ондағы көптеген тақырыптар қысқаша анықтама түрінде
жазылғандығы
байқалады.
Барлық
тірек-қозғалыс
мүшелерінің
жарақаттануларымен, туа болған ауруларға диагноз қою барысында көптеген
мәселелер, айқындалмаған.
5
Бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету, тасымалдауәдістері толығымен
айқын көрсетілмеген.
Екіншіден, әрбір сынық түрлерін жіктеуде қателіктер жіберіліп, көбісі
тікелей аударылып,анықталмаған.
Әсіресе, бірмезетте жабықтай орнына салу әдістері қысқаша баяндалған
және толық қалай орындау әдістері қосымша суреттермен айқын
көрсетілмегендіктен болашақ дәрігерлер сол тәсілдерді нақты қалай орындау
керек екенін толық түсіне алмауда.
Сынықтардың ығысу себептері неліктен болатындығы, әрбір бөлігін
қандай
еттер
қалай
қарай
тартатыны
көрсетілмей,
айқын
баяндалмаған.Операциялық жолмен емдеу түрлері қазіргі заман талабына
толығымен сәйкес келмейді.
Ортопедиялық аурулардың көбісі толығымен жазылмаған. Осы
олқылықтарды қалпына келтіру мақсатында біздің кафедра ұжымы атақты
ғалым, оқытушымыз Қазақстанда травматология саласының ірге тасын
қалаушы, бірінші Қазақстанда травматология кафедрасын ашушы профессор
Х.Ж.Макажановтың туғанына 100 жылдық мерей тойына арнап жаңа
«Травматология және ортопедия оқулық атлас» жазып шығаруды қолға
алдық. Бұл кітап студенттермен жас мамандарға арналған.
Барлық ескертулеріңіз және тілектеріңізді авторлар ризашылығымен
қабыл алады.
6
КІРІСПЕ
Ортопедия мен травматология медицина саласының тірек-қозғалыс
бөлімдері түрлерінің қисайып өзгеруі және олардың қызметінің бұзылуы
туралы ғылым болып есептеледі.
Көптеген жарақаттар мен ортопедиялық аурулар Гиппократтың
еңбектерінде кездеседі (біздің жыл санауымызға дейінгі 460-377 жылдар):
буын шығуы, сынықтар, омыртқаның қисаюы, маймақ аяқ тағы басқалары.
Гиппократтыңеңбектерінде осы аты аталған жарақаттар мен ауруларды
емдеу тәсілдері келтірілген. Ол үшін арнаулы таңғыштар, әр түрлі саймандар
жасаған.
"Ортопедия" деген сөз грек сөзі, оның тура аудармасы "тік бала"
делінеді. Бұл сөзді бірінші рет қолданған француз ғалымы Никола Андре.
Россияда бірінші болып ортопедиялық аурухананы ұйымдастырған Генрих
Иванович Турнер болып саналады да, ол ғалым 50 жылдай бойы өзі сол
аурухананы басқарды (1900 жыл). 1906 жылы Петербургте ортопедиялық
институт ашылып оны Р.Р. Вреден басқарды.
Ал 1907 жылы Харьков қаласында дәрігерлік-механикалық институт
ашылып оны К.Ф. Вегнер басқарады.
Ортопедияның негізгі мақсаты туа пайда болған адам денесіндегі әр
түрлі кемістіктерді ертерек тауып уақытында емдеу болып табылады. Тағы
да бір мақсаты зақымдалған қол-аяқтың кемістіктерін қалпына келтіріп,
кемтарлыққа душар етпеу болып есептеледі.
Кейінгі 20-25 жылдың ішінде іштен туа пайда болған аурулармен
зақымдалған, жарақаттанған адамдарды емдеуде травматология мен
ортопедия ілімі көптеген жетістіктерге жетті. Олар: бұлшықеттерге, сіңірге,
буындарға, тірек-қозғалыс бөліктеріне, сүйектерге және теріге операция
жасаудың көптеген түрлері ойланып табылды.
Үлкен мақтаныш қылып айтар жағдай травматология мен ортопедияда
кеңінен қолданылып жүрген ғалым Г.А.Илизаровтың сүйекті бір-бірімен
жалғайтын және де ұзартуға арналған аппараты болып есептеледі.
Кейінгі жылдарда үлкен қалаларда, ауыл шаруашылығында кеңінен
тараған машиналар мен әр түрлі станоктардың пайда болуы адамдардың
жарақаттануына әкеп соғып отыр. Тек жарақаттанып қоймай, жолдарда адам
өлімінің көбеюіне әкеп соғып отыр. Сондықтан да қазіргі заманда
травматология және ортопедия ғылымының маңызыөте зор. Алуан түрлі
травматизммен күресу тек травматологтар мен хирургтардың ғана міндеті
болмай жалпы халықтың күресі болуы қажет. Сондықтан да травматология
пәнін дәрігерлік институттың барлық факультеттерінде оқытқан жөн.
7
БІРІНШІ БӨЛІМ
ТРАВМАТОЛОГИЯ МЕН ОРТОПЕДИЯНЫҢ
ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ
I ТАРАУ. ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ
НАҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алдын-ала айтатынымыз жарақаттанған адамды не ауруды тексеру
көлемі негізінен дәрігердің мамандылығымен, жарақат алған орнымен,
уақытына тығыз байланысты болады.
ЖАРАҚАТТАНҒАНДА БІРІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘЛІМЕТ АЛУ
Бірінші медициналық мәлімет алу үшін мына жағдайлардыанықтау
қажет:
Аурудың анамнезі: Жарақаттанған аурудың өзінен,не көрген
адамдардан, не ауруды алып келген адамнан жарақаттанған адамның қай
жерде, қай уақытта, қандай жағдайда және қандай көлемде медициналық
көмек алғанын анықтау қажет.
Жарақаттың орналасқан жері: бас, мойын, кеуде, іш, аяқ, жамбас
көлемі, омыртқа жотасы.
Анатомиялық бүлінген жерді көзбен көру: Қол мен аяқтың жұлынуы,
жаншылу, жаралану, сыртқа қан ағу, көзге түсерлік аяқ пен қолдың пішінінің
(формасының) өзгеруі.
Сыртқы демалу қызметі:
- сыртқы демалу бұзылмағанда біркелкі минутына 30 рет демалып
кеудеде сырыл жоқ болғанда;
-демалудың жедел жетіспеушілігі ауру тынымсызданып, демалысы
минутына 30-дан асып кетуі. Аурудың дем алуына мұрын қанаттары
қосылып, мойын қан тамырлары шодырайып шығады. Мойын еттері
қатаяды, суық тер шығады, өкпе іскен жағдайда кеудеде қатты сырыл
басталады;
-дем алу тоқталғанда кеуде мен іштің дем алуғақатысуы тоқталады.
Қан айналысының қызметі:
- қан айналысының қызметі бұзылмағанда қан тамырының соғысы мен
қан қысымы өзгермейді;
- жарақатты шок (орны толтырылған не толтырылмаған), көлемді
жедел қан кету, коллапс;
- жүрек қызметінің тоқтауы - жүректің соғысы мен үнііестілмейді.
- санасы сақталғанда сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның барлығы;
- санасы шатасқанда сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның дұрыс
еместігі;
- санасының жойылуы - сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның
жоқтығы.
8
ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ
Ауру мен жарақаттанған адамды диагностикалық тексеруден өткізгенде
жоғарыда айтылған әдістер мен амалдарды қолдану, тек қана тереңдетіліп
түсінік беру болып есептеледі. Керек болса, клиникалық тексеру қосымша
лабораториялық, рентгендік, микроскоптық әдіспен толықтандырылады.
Сұрау:
Науқас адамды сұрау екі бағытта болу керек:
1. Науқастың шағымын анықтау.
2. Науқастың анамнезін анықтау.
Жарақаттанған адамдарға қоятын сұрақтардың тізімі алдында айтылған.
Ал іштен туа пайда болған кінәраттарды анықтау үшін аурудың қашан
басталып оның әрі қарай қалай дамығанын және ұзақтығын сұрап білген дұрыс.
Науқас адамды сұрастырғанда ерекше көңіл бөлетін жағдай оның
ауруының қашан басталып қалай дамығанын және ауруы тұрақты ма әлде
қозғағанда, не сипағанда пайда болатындығын және сыздап ауыратындығын
анықтау қажет. Тағы да қай жері ауырып, қайда берілетінін анықтау керек.
ЖАЛПЫ БАЙҚАУ
Жарақаттанған адамды жалпы байқағанда мына жағдайларға көңіл
бөлген жөн болады: аурудың күй-қалпын, бет-әлпет түрін, ауыратын
жерлерінің түрін, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының бара-барлығын
анықтайды. Бұған қосымша мынадай жағдайларға көңіл аударған жөн:
сыртқа қан шығуы, құлақтан қан кету, құсықтың болуы және онда қанның
араласуы, киімге жұғуы сияқты көзге түсетін жағдайлар.
Жарақаттанған және ортопедиялық ауруларды байқағанда мынадай
ережені (заңды) ұстау қажет:
Науқас адам толығымен шешіндірілуі керек.
Науқас адамның шағымына қарамай шешіндірілгеннен кейін барлық
денеқұрылыстарын байқау қажет.
Науқасты байқағанда аяқ-қолды бір-бірімен салыстырып тексеру
қажет, мына жағдайларға көңіл бөлу керек: бойына, қол-аяқтарының өсіне
(1,2-суреттер).
1 сурет. Қолдың өсі а). дені сау өсі; б). білектің сыртқа бұрылуы;
в). білектің ішке бұрылуы. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
9
2-сурет. Аяқтың өсі: а) дені сау өсі; б) сирақтың ішке бұрылуы; в) сирақтың
сыртқа бұрылуы. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Науқастың тыныштық жағдайдағы және қозғалыстағы қалпы;
Аяқ-қол, дене буындарының қозғалыс көлемі;
Денеде тесіктің, тыртықтың формасының өзгеруі.
ҚОЛМЕН БАСЫП ҚАРАУ
Қолмен басып қарау бір не екі қолмен, алақанмен және бір саусақпен
тексеріледі.
Қолмен басып қарағанда ауырған нүктелерді, терінің температурасын,
икемділігін, бұлшық еттің тонусын, ісінуді, сүйек сынықтарының
сықырлауын, тері астындағы не бұлшықеттердің арасындағыэмфиземасын,
қан тамырларының соғысын, сүйектердің патологиялық қозғалысын
анықтауға болады. Ортопедиялық тәжірибеде қолмен басып әр сүйектердің
ара қатысын, шартты сызықтарды және геометриялық фигураларды
анықтауға болады (Розер-Нелатон, Шумахер сызықтары, Бриан, Гюнтер
үшбұрыштары).
1 сурет. Қолдың өсі а). дені сау өсі;
б). білектің сыртка бүрылуы; в). білек-тің
ішке бүрылуы.
10
ПЕРКУССИЯ (ҚОЛМЕН ҚАҒЫП ТЕКСЕРУ)
Перкуссия арқылы табиғи қуыстардың күйін, қал-жайын ішкі
құрылыстардың шекарасын, ауа не қан жиналғанын, тініштеріндегі
гематоманы, сұйықтың не газдың жиылуын анықтайды.
АУСКУЛЬТАЦИЯ (ТЫҢДАП ТЕКСЕРУ)
Аускультациядемалужолдарын, өкпенің, жүректіңфункционалдық қал-
жайын, қан тамырының қысымын, патологиялық шуылды, шектің
перистальтикасын, ал кейбіржағдайда сүйектің сынығының бар-жоғын
анықтауда өте құнды әдіс.
МЕТРЛІК ӨЛШЕУ
Метрлік өлшеу үшін эластикалық өлшеу лентасы қолданылады. Ол
үшін әр сүйектің бас не аяқ жағындағы шошақ(томпақ) жерлерінің арасын
өлшейді.
Метрлік өлшеу арқылы аяқ пен қолдың ұзындығын, не қысқалығын
анықтайды, тағы да аяқ пен қолдың әр жерінің көлемінөлшейді. Аяқ пен
қолдың жалпы не жеке сегменттерініңұзындығын өлшеу үшін әр сүйектің
шошақ өскіндері бағдар болады, себебі бұл өскіндер қолмен басып
ұстағандабелгілі болады, не көзге көрінеді. Ондай өскіндер мыналар:
1.Қолдың ұзындығын өлшеу үшін жауырынның өскіні, шынтақ сүйектің
өскіні, біз тәрізді өскіні (3-сурет).
3-сурет. Аяқ-қолдардың ұзындығын өлшеу: а –аяқтың салыстырмалы
ұзындығын анықтау; б –ортан жіліктің анатомиялық ұзындығын өлшеу;
в - балтырдың анатомиялық ұзындығын өлшеу; г –қол сүйектерінің
салыстырмалы ұзындығын анықтау; д - тоқпан жіліктің анатомиялық
ұзындығын өлшеу; е - білектің анатомиялық ұзындығын өлшеу;
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
11
Аяқтың ұзындығын өлшеу үшін мықын сүйектің жоғарғы жағының
үстіңгі қырын, ортан жіліктің үлкен төмпешігін, ортан жіліктің айдаршағы,
үлкен жіліктің тобықшаларын пайдаланады (4-сурет).
Аяқ, қолдың үзындықтарын өлшеу арқылы клиникалық өте маңызды
құбылыстарды байқауға болады:
1. Біршама сүйектің дислокациялық қысқару және сүйек сынғанда
қысқарудағы себебі буындардың бір-бірімен қатысының айрылуынан
болады. Ондай жағдай травмалық буын шығуындане патологиялық буын
шығуда болады.
2. Нағыз немесе анатомиялық қысқару - аяқ пен қолдың әр бөлігін жеке
өлшегенде анықталады.
3. Аяқ пен қолдың қысқа болып көрінуі - бір не екі буынның
бүгілгенінен көрінетін қысқалық. Бұл жағдайда әр бөлікті өз алдына
өлшегенде қысқалық білінбейді.
4. Функционалдық қысқару - екі және одан да көп қысқарудың
қосыңдысы. Функционалдық қысқалықты тексеру үшін ауруды екі аяғына
тұрғызып қысқааяқтың астына қосымша заттар қойып мықын сүйектің
жоғарғы жағының үстіңгі қырларын бірдей қылу керек. Сонда аяқ астына
салынған заттың қалыңдық биіктігін өлшеу арқылы функционалдық
қысқаруды табамыз.
4-сурет. Буындардың қозғалыс көлемін анықтау: а –тоқпан жілікті көлденең
деңгейде көтеру; б –иық буынын алдыға қарай бүгу; в –шынтақ буынын
бүгу; г –білезік буынын бүгіп жазу; д –алақанды көлденең сыртқа қарай
қайыру, көлденең ішке қарай қайыру; е –ортан жілікті сыртқа қарай
көлденең деңгейде қайыру; ж –жамбас сан буынын және тізе буынын бүгу
және жазу; з –толарсақ буынын үстіне қарай иіу және табан
астына қарай иіу;Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
12
БУЫНДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БҰРЫШЫН ӨЛШЕУ
Буындардағы қозғалыс екі түрге бөлінеді: ерікті және еріксіз.
Қозғалыс бұрышын өлшеу дегеніміз буындардың қозғалыс көлемін
әдейі белгіленген бұрыш өлшегішпен өлшеу.
Бұрыш өлшегішпен буындардың екі түрлі қозғалысынанықтайды:
белсенді қозғалыс - аурудың өзінің қозғауынан; белсенсіз- ауру буынын
дәрігердің не басқа адамныңқозғауы.
Буындағы қозғалыс фронтальды жазықтықта (сыртқа не ішке бұру),
сагитальды жазықтықта (алға не артқа бүгу), тағыда аяқ пен қолды бойлай
қозғалту (сыртқа не ішке қарай ротациялық қозғалыс).
Бұрышты өлшеу арқылы және қосымша клиникалық белгілер арқылы
буынның патологиялық не қалыпты қозғалысын анықтауға болады.
1. Тексеретін буынның ерікті қозғалысы толық көлемде, шамалы,
толығымен жойылуы мүмкін. Осы көрсеткіштер арқылы қозғалыстың толық
сақталғанын, не қиындағанын, контрактура болғанын, тіпті буынның қатып
қалғанын анықтауға болады.
2. Еріксіз қозғалысты да осы жолмен анықтап, оның қайдан не жағдайда
болғанын тексеріп білу қажет.
3. Патологиялық қозғалыс буындарда не сүйек бойында болатын жалған
қозғалыстың негізін, оның көлемін және бағытын анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |