Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


Қайталанған шап жарықтарын операциямен емдеу



бет26/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Қайталанған шап жарықтарын операциямен емдеу - қиын және шап арнасын қосымша пластикалық тәсілдермен бекітуді талап етеді. Бұл үшін фасция, апоневроз, тері, ішпердесі, синтетикалық материалдар пайдаланылады.
Операция үстінде кездесуі мүмкін асқынулар - жарық қапшығын тазартқанда ұрық жолының, жарық қапшығы ішіндегі мүшенің жарақаттануы мүмкін. Бұның алдын алу үшін алдымен қапшықты тіліп, оның ішіндегі мүшені көзбен көріп, саусақпен қорғап отырып қапшықты толық тазартады.
Шап сіңіріне тігіндер салған сәтте сан - жамбас қан тамырларының жарақаттануынан немесе тігінге түсуінен мұқият сақтану қажет.
Жарадан аққан қанды өте сапалы тоқтату қажет. Өйткені операциядан соңғы гематома жарықтың қайталануының көп себептерінің бірі болады. Шаптың тік жарықтарына операция жасағанда (жылжымалы, сырғанағыш) зәр қуығының жарақаттануынан сақтану қажет.




Сурет № 2. Жарық элементтері.

1. Ішек
2. Ішперде


3. Іш қабырғасы
4 Жарық қакпасы
5. Жарық қапшығы
6. Жарық қабырғасы
7. Жарық қапшығының ішіндегі мүше


Сурет № 3. Шап жapығының пайда болуы.
а) ішпердесінің қынапты бұтағының толық бітелуі (қалыпты)
б) қынапты бұтақ бітелмеген - туа біткен шап жарығы
в) жүре пайда болған қиғаш шап жарығы
г)жүре пайда болған тік шап жарығы.








Сурет № 4. Жарықтың бір қабырғалық (жартылай) қысылуы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет