1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары
деп акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке
тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу
пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар түсініледі.
2. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу
үлестерiнiң) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын
білдіреді.