35-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу
1. Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген
орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды
білдіреді.
2. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiреуiне сай келетiн:
1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;
2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн
белгiленген жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерiнен асатын мөлшерде
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық кірісі бар
дара кәсiпкерлер жатады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеленген дара
кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.
3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай кірістер:
1) салық салынатын төлем көзінен;
2) мүліктік кіріс;
3) өзге де кірістер алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
36-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: