1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі
бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері қатысатын азаматтық және өзге де құқықтық
қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот
талап-арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
3. Медиация жүргізудің тәртібі мен шарттары «Медиация туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделеді.