41-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы ұғымы және нысандары
1. Тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта
өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы
деп танылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) кәсiпкерлiк қызмет ортақ бiрлескен меншiк базасына негiзделген отбасылық
кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде ортақ үлестiк меншiк базасында жай
серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкiн.