75
маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу
біліктерін меңгеру;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-
ғылыми ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану
мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе
дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»,
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы
бойына сіңіруге негіз болып табылады.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты (жаңартылған мазмұн және
оқу жүктемесі төмендетілген) 3-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға
бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (23-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: