Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет137/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   416
 
«
Мемлекеттік  тілді  басым  дамыту  білім  беруді  әдіснамалық  және  ғылыми-


108 
 
әдістемелік  сүйемелдеу,  оның  ішінде  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдетіп 
оқыту  есебінен  күшейтілетін  болады.  Ол  үшін  гуманитарлық  пәндерді 
тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының 
желісі құрылатын болады», – деп атап көрсетілген.
 
Абай  мектептері  желісінде  білім  беру  және  оқыту  процесі  қазақ  тілінде 
жүргізіледі.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  «27»  қарашадағы  
№  496  бұйрығының  7-қосымшасы  негізінде  «Негізгі  және  жалпы  орта  білім 
беру  деңгейінің  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдете  оқытатын  гуманитарлық 
бағыттағы  мамандандырылған  Абай  мектептері  желісінің  5-11-сыныптарына 
арналған  «Қазақ  тілі»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Абайтану»  пәндерінен  жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқытылады. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында –  102 сағат; 
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 
4) 8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 
5) 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды. 
«Абай  мектептеріне»  арналған  жаңартылған  оқу  бағдарламасындағы 
грамматиканың  берілуі:  лексика-грамматикалық  бөлім,  грамматикалық 
материал,  сөйлеу  әрекетінің  түрлері  және  оқыту  мақсаттарынан  тұрады. 
Мысалы: 
лексика-грамматикалық  бөлім:
  1.  Қазақстан  бейнесі.  Қазақстанның  
өткені мен  келешегі. Шешендік сөздер. 
Грамматикалық  материал:
  Ойталқы  (диспут).  Ғылыми  стильдің  тілдік 
ерекшеліктері. 
Сөйлеу  әрекетінің  түрлері:
  тыңдалым  және  айтылым,  оқылым, 
жазылым, әдеби тіл нормаларынан тұрады.  
1.  «Абай  мектептерінде»  грамматиканы  оқытуда  мәтінтануға  үйрететін 
міндеттер: 
Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр 
деген  сияқты  мазмұнды  түсінуге  бағытталған  жаттығулар  құрастырудан 
тұрады (бағдарламада нақты көрсетілген). 
Стилі  мен  жанрын  тануда  әр  стильге,  әр  жанрға  тән  тілдік 
қолданыстарды  ажырату  үшін  мәтін  ішіндегі  тіл  құралдарын  түстеп  таныту 
арқылы орта мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар). 
2.  Мәтін  тудыру  дағдысын  қалыптастырудағы  айтылым  бөлімінде: 
айтылым  кезінде  ерін  үндестігі  мен  буын  үндестігін  сақтау,  сөйлеу 
техникасын  жетілдіру,  сөйлеу  мәдениетін  сақтау  арқылы  шешендік  өнердің 
қырларын меңгерту (5-11).  
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып, 
қарапайым  диктант,  мазмұндама  жазудан  бастап  түрлі  стильдегі  және 
жанрдағы  мәтіндерді  (эссе)  жазу  дағдыларын  жетік  меңгеру.  Мәтіндерді 
типтей білу (5-11-сыныптар) берілген. 
«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім 
және  ғылым  министрінің  2020  жылғы  «27»  қарашадағы  №  496  бұйрығымен 
бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете 


109 
 
оқытатын  гуманитарлық  бағыттағы  мамандандырылған  желілік  «Абай 
мектептері»  желісінің  5-9-сыныптарына  арналған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет