Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет191/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   416
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ  
 
Жаратылыстануды  оқыту  білім  алушылардың  бойында  табиғат 
құбылыстары  мен  заңдылықтары  туралы  ұғым  қалыптастырады,  табиғатты 
танудың  ғылыми  әдістерін  ашады,  тәжірибеге  бағдарланған  дағдыларды 
дамытып, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін қалыптастырады.  
7-сыныптан  бастап  білім  саласы  құрамына  жаратылыстану  білім  беру 
бағытының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді.  
Қазіргі  жаратылыстану-ғылыми  білім  берудің  мақсаты  –  табиғат 
құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми 
парадигманың  өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи 
көрінісін қалыптастыру. 
Жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламалары  білім  алушыларда 
міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, 
білу дағдыларын қалыптастырады.  
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 
2012  жылғы  8  қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген  Үлгілік  оқу 
жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізілген)  жүзеге  асырылады.  Атап  айтқанда,  жаңартылған 
мазмұнның  Үлгілік  оқу  жоспарлары  және  төмендетілген  оқу  жүктемесімен 
Үлгілік оқу жоспарлары.  
«Тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ  2018  жылғы  30  қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес 
білім  беру  ұйымдары  меншік  түрі  мен  нысанына  қарамастан,  үлгілік  оқу 
жоспарын,  оның  ішінде  оқу  процесі  жүзеге  асырылатын  қысқартылған  оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. 
Үлгілік  оқу  жоспарының  түріне  байланысты  негізгі  орта  білім  беру 
деңгейінде  «Жаратылыстану»,  «География»,  «Биология»  «Физика»  және 
«Химия» оқу пәндерін  оқытуға  бөлінген  оқу  жүктемесінің  көлемі   әртүрлі  
(48-кесте).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет