9-сыныпта (Қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі.
2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:
5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәндерінің оқулықтары (
ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр );
6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі
тарихы» пәндерінің оқулықтары
(ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәндерінің оқулықтары (
жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар) ;
8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәндерінің оқулықтары
( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
пәндерінің оқулықтары
(қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында
тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарды
қалыптастыру,
зерттеушілік,
ойлау,
коммуникативті
дағдыларды дамытуға бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру
деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу
жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).