Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


-сынып бойынша зерттеу тақырыптары



Pdf көрінісі
бет326/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   416
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
 
Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала. 
2.
 
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы. 
3.
 
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. 
4.
 
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды. 
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
 
Әртүрлі  тарихи  кезеңдердегі  Қазақстанның  экономикалық  даму 
ерекшеліктері.  
2.
 
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры. 
3.
 
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі. 
4.
 
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары. 
 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні  
«Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнінің  мазмұны  адамзаттық  өркениеттің 
этногенез, 
политогенез, 
культурогенез 
негізгі 
мәселелері 
бойынша 
тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған. 
10-11-сыныпта  «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқыту  білім  алушылардың 
әлемдік  мәдени-тарихи  процестің  мәнін  оның  бірлігі  мен  әртүрлілігін  терең 
түсінуге бағдарланған. 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы 
оқиғаларды,  құбылыстарды,  процестерді  бағалау  және  жіктеу,  жүйелеу, 
қорытындылау,  талдау  үшін  қажетті  тарихи  ойлау  дағдысын  дамытуды 


281 
 
қарастырады.  Осы  оқу  пәнінің  аксиологиялық  мақсаты  білім  алушыларды 
ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  құрмет  көрсетуге  тәрбиелеу 
болып табылады.  
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:  

 
әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;  

 
оқиғалар  мен  құбылыстарды  тарихи  себептілігі,  салыстырмалылығы 
мен  әртүрлі  көзқарастар,  тарихи  оқиғалар  және  тұлғаларға  баға  беруде  сыни 
тұрғыдан  зерттеу  барысында,  өткен  және  қазіргі  таңдағы  пікірталастық 
мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту; 

 
тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи 
материалды жіктеу дағдыларын дамыту; 

 
әртүрлі  деректерді  қолдана  отырып  жобалық,  зерттеу  әрекетін  және 
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту; 

 
қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 
мәселелерді  ұғыну  үшін  тарихи  білімдері  мен  дағдыларынқолдана  білу 
қабілетін дамыту;  
коммукативтік  дағдыларды  дамыту:  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  түрде 
анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды 
пайдалану.  
 
«Дүниежүзі  тарихы»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  Үлгілік  оқу 
жоспары бойынша оқу жүктемесі: 
қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты; 
жаратылыстану -математикалық бағытта: 
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;  
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет