67
Білім алушылардың оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара
бақылау педагогке олардың білімін тексеруге көмектеседі және адалдық пен
әділеттілік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерінің дамуына ықпал етеді.
Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады, білімге
қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім алушылардың
жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады.
II кезең. Қателерді түзету
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы
өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін
меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: