Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бастарту мәдениетіне тәрбиелеуікерек. Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік нормаларымен таныстыру қажет.
Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-құлқы мәселелерін зерттеугеназар аудару керек. ИНКЛЮЗИВТІМӘДЕНИЕТ инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің (инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті құру, инклюзивті практиканы жүзеге асыру) маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.
Форумдар, арнайы семинарлар, жиналыстар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі табысты адамдар (Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия Раухатовна – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кейіпкерлері, Пабло Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және т.б.) туралы таныстырылымдар ұйымдастыру.
Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асырудың маңызды факторы. Сонымен қатар инклюзивті мәдениетті құру мектептегі теңдікті, қолжетімді ортаны қамтасыз етудің, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды құрметтеудің, оларға жағымды көзқарас қалыптастырудың, әлеуметтендірудің негізі ретінде қарауымыз керек.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Суицидтік мінез-құлыққа әкелетін негізгі факторлар – оқшаулану сезімінен туындаған жалғыздық, ата-аналарымен және туыстарымен жанжал.