Қазақстан республикасының орта



бет24/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушылардың командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға үйретуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс қозғалысының мақсаты-қоғамда орын алған проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Пікірсайыс қозғалысының міндеттері: білім алушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін, шығармашылық және сыни ойлау, даулы жағдайларды дипломатиялық жолмен шешу қабілетін қалыптастыру; мәдени-танымдық және ағартушылық қызметтің инновациялық модельдері мен технологияларын пайдалана отырып, еліміздің әрбір өңірінде әрбір білім беру ұйымында, клубтарда пікірсайыс орталықтарын құру. Пікірсайыс қозғалысына қатысушылар ашықтық, жүйелілік, еріктілік, ізгілендіру, қолжетімділік, адалдық және әріптестерді құрметтеу қағидаттарын басшылыққа алады.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК сайтында орналасқан. https://www.ziyatker.org/debatnoedvizheny).
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып қалуда. Әлеуметтік сауалнаманың (Қазақстан Республикасы балаларының 2019 жылғы жағдайы туралы баяндама) деректері бойынша балалардың 70%-дан астамы интернетті пайдаланады, ұялы телефондары мен компьютерлері бар, сол арқылы кибер- буллинг, электрондық кеңістіктегі алаяқтыққа осалдық танытады. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 6%-ы әлеуметтік желілерде виртуалды зорлық

  • зомбылық, 8,5%-ы дінді насихаттау, 5%-ы суицидті насихаттау жағдайларына тап болды. Алайда сауалнамаға қатысқан балалардың 86%-ы әлеуметтік желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Ата-аналардың өз балаларының интернет-тәуелділігі қаупін бақыламайтыны және бейхабарлығы жағдайды ушықтырады. Орташа алғанда, ата-аналардың шамамен 36%-ы сауалнама аясында интернет-кеңістікте балаларды қудалау мен бопсалаудың әртүрлі түрлері бар екенін естіді.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім алушыларға интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениеті: қарым-қатынас мәдениетіне, өз ойын білдіруге, әңгімелесушінің пікірін құрметтеуге, этикалық нормаларды сақтауға дағдыландыру маңызды. Отбасы мен мектептің ынтымақтастықтағы қызметі «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI Заңы аясында зорлық-зомбылықты, суицидті насихаттайтын интернет желісіндегі белгілі бір сайттарға балалардың қол жеткізуін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарына кибермәдениет және кибергигиена, оның ішінде білім алушылардың кибер қауіпсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды қосу қажет.
Мектеп қабырғасынан бастап, халықаралық тәжірибені ескере отырып, балаларды киберқауіпсіздікке оқыту керек, онда олар хакерлердің желілік шабуылдарынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дағдыларды үйренеді. Киберқауіпсіздік, кибергигиена, кибермәдениет мәселелері бойынша мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру үшін материалдарды келесі сайттардан табуға болады:

  1. https://cybersecuritymonth.eu/press-campaign-toolbox/ecsm- material/cybersecurity-spaces-workshops-on-cybersecurity-for-high-school-students (бұл сайтта «Ресурстар» бөлімінде пайдалы болатын құжаттар бар);

  2. https://www.mcafee.com/blogs/consumer/importance-cybersecurity-lessons- schools/;

  3. https://eu-acerforeducation.acer.com/education-trends/cybersecurity-how-to- teach-students-to-use-internet-responsibly/;

  4. https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 (ағылшын тіліндегі бейнелер барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді);

  5. https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/applicable-to- primary-secondary/it-in-edu/information-security.html (Гонг Конгта мектеп оқушыларына арналған Киберқауіпсіздік бойынша PDF файлдары бар).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет