Терминологиялық сөздік: Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді.
Сұрақтар: 1918 жылы атаман А.Дутов басып алған қала?
1918 жылғы қарашада Жетісу майданына жіберілді?
Дала өлкесінің төтенше комиссары кім болды?
Жетісу майданы қашан жойылды?
Азамат соғысы Қазақстанға қандай әсерін тигізді? 2-3 тұжырым айтыңыз.