procedure TForm1.Edit1Click(Sender : TObject); begin
Edit1.Text:=‘Сіз редакциялау ӛрісін екі рет шертіңіз‘; end;
программаны іске қосу командасы берілген соң компилятор автоматты
түрде негізгі модульге енгізілген тӛмендегі екі тәсілді орындайды:
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
Бұлардың біріншісі жадта Form1 объектісін құрады (объектіні инициалдайды), екіншісі Application объектісіне қосымшаның негізгі формасын іске қосуға нұсқау береді (Run). Жоғарыда жазылған процедураның орындалу нәтижесінде форманың Edit1 ӛрісіне оның Text қасиетіне меншіктелген мәтін жазылады.
Ескерту. Белгісіз жағдайда программада тәсілді не қасиет орнату командасын иерархиялық түрде жазу қажет, мысалы:
TForm1.Button1.FontSize:= 14;
Мұндағы иерархияның бірінші объектісі – форма (Form1), екінші объект – формада орнатылған Button1 түймесі, үшінші объект – түйменің шрифт қасиеті; команда – форманың Button1 объектісіне енгізілген FontSize (шрифт ӛлшемі) айнымалысына 14 мәнін меншіктеу. Яғни, объектілер арасына қойылатын нүкте сәйкес иерархиялық объектіге сілтеме.
Достарыңызбен бөлісу: |