Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Әлеуметтану ғылымы қоғамдағы түрлі құбылыстар иен процесстерді зерттеуіне байланысты бірнеше құрылымға бөлінеді



бет29/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Әлеуметтану ғылымы қоғамдағы түрлі құбылыстар иен процесстерді зерттеуіне байланысты бірнеше құрылымға бөлінеді:
1. Жалпы теориялық әлеуметтану.
Бұд құрылымның мақсаты - әлеуметтік шындықтың, яғни социумның қызметі мен дамуы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
2. Әлеуметтанудың орта деңгейлік құрылымы.
Мұның мақсаты әлеуметтік жүйенің түрлі салаларының өзара қарым-қатынас және байланыс заңдылықтарын зеттейді. Мысалы: әлеуметтік топ, қала, ауыл, білім, саяси, құқықтық, жанұя, мәдениет, еңбек социологиялары мен этносоциология, экономикалық социология және т.б. (кейде мұны микросоциология деп атайды)
3. Меңгерілген білім деңгейіне байланысты әлеуметтанулық зерттеулер теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.Теориялық әлеуметтанулық зерттеулерде әлеуметтік өмір саласындағы нақты материалдарды жинақтап, талдау шешуші маңызға ие болады.
Ал эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулердің мәні бақылау, сұрау, құжаттар мен мәліметтерді талдау әдістері арқылы нақты материалдарды жинақтау және оны өңдеу болып табылады.
4. Әлеуметтану ғылымы өз құрылымында фундаментальді (іргелі) және қолданбалы да құрылымдарға бөлінеді.
Мұндай бөліністің себебі әлеуметтанулық зерттеулердің алуан түрлі мақсат - мүдделеріне байланысты. Алғашқы бөлім әлеуметтану ғылымының теориялық-әлеуметтанулық қырларын байытуға бағытталса, қолданбалы бөлік әлеуметтік өкілді жетілдіруге қажетті практикалық мәселелермен айналысады.
Әлеуметтану ғылымының көптеген атқаратын қызметтерінің ішінен негізгі бесеуін ерекше атауға болады:
1. Эмпирикалық қызмет. Оның мәні өмір тәжірибесін тікелей зерттеу мен тұрғындардың саны мен құрамы жөнінде, туу мен өлім саны, жұмыссыздар саны, отбасы бюджеті мен ажырасулар, сайлаушылар пікірі жөнінде және т.с.с. нақты деректі мәліметтерді жинау мен өңдеуге мүмкіндік береді.
2.Теориялық қызмет. Алынған эмпирикалық мәліметтерді талдап, жинақтап қорытуға және жүйелеп, тәжірибеде дәлелденген ғылыми тұжырымдамалар шығаруға мүмкіндік береді.
3. Болжамдық қызмет. Болашақтағы пайда болатын әлеуметтік құбылыстарға болжам жасап, дайындалуға мүмкіндік береді. Мысалы: халық санының өсуі, сайлауға дайындық және т.б.
4. Қолданбалы қызмет. Бұл қызметті социологтар болжамдық, теориялық және т.б. шешімдерді іс жүзіне асырғанда пайдаланады.
5.Әлеуметтік-инженерлік қызмет. Мұны ғалымдар өндіріс пен басқару жүйесін тиімділік пен жаңашылдықты енгізу үшін қолданады.
Әрбір ғылым өзінің таным саласында арнайы зерттеу әдістеерін қолданады.
Егер әлеуметтану ғылымының анықтамасы нені зерттейтінін білдірсе, оның әдістерінің сипаты қоғамды қандай жолмен зерттейтіндігін байқатады. Осыған байланысты әлеуметтанудың мынадай әдістері бар:
1. Әлеуметтік-философиялық әдіс. Оның мәні қоғамда тұтас әлеуметтік жүйе ретінде жан-жақты зерттеу.
2. Құрылымды-функцианалды талдау әдісі. Ол қоғам өмірінің әрбір саласының өзара байланысын, құрылымы мен дамуын зерттеуге мүмкіндік береді.
3. Әлеуметтану әдісі. Мұнда қоғамның барлық деңгейін әлеуметтанулық зерттеу әдістемелерінің қағидаларына сүйенеді.
4.Эмпирикалық әдіс. Оның мәні бақылау, сұрау, эксперимент жасау және құжаттарды талдау арқылы әлеуметтік өмірде зерттеу жүргізу.
5. Әлеуметтануда фактілерді, гипотеза /болжам/ мен теорияларды қолдау әдісі. /Нейл Смелзер/.
Оның мән қоғамды әлеуметтік құбылыстардың себеп-салдары арқылы зерттеу.
Әлеуметтану – қоғам туралы ілім. Ол екі сөзден құралған: латынның «социетас» - «қоғам», гректің «логос» - «ілім». Алғашқыда социология қоғамтануды білдірген, бірақ уақыт өте социология бірте-бірте философиядан бөліне бастады. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Батыс Европада пайда болды. Оның негізін қалаған француз философы, философиядағы позитивизм ағымының негізін қалаушы Огюст Конт болды. Оның басты шығармасы – «Позитивті философияның курсы» - 1830-1842ж. жарық көрді. Орыс тілінде 1899-1900жж. «Курс положительной философии» деген атпен аталды. /Латын тілінен аударғанда «позивитизм» деген сөз «дұрыс», «жағымды» деген ұғымдарды білдіреді/. Әлеуметтануды О.Конт бастапқыда «әлеуметтік физика» деп атады. Ол жеке тұлға мен қоғамды зерттейді. Қоғамда тәртіп болу үшін, жеке тұлға мен қоғам туралы барлық білімді дұрыс түзілген жүйеге келтіру қажет. Білімде тәртіп болмай, қоғамда тәртіп болмайды деп тұжырымдады ол. Әлеуметтану әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға бөлінеді.
Қоғам туралы әрбір ғылым қоғамдағы белгілі бір қатынастарды: экономика-экономиканы, саясаттану-саяси қатынастарды, т.б. зерттейді.
Әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Қоғамның әлеуметтік өмірі - ол жекелеген адамдар мен қоғамдағы бірлестіктер арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынас, әрекет. Қоғамдық бірлестіктерге түрлі топтар, мәселен, студенттік топтар, ұжымдар, ұлттар т.б. жатады.
Қоғамдық бірлестіктер арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтық (таптар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қабаттар), әлеуметтік демографиялық /еркектер, әйелдер, балалар, зейнеткерлер, жастар, отбасы мүшелері/, әлеуметтік-этникалық /ұлттар, ру, тайпалар, ұлттық және этнографиялық топтар/, әлеуметтік-кәсіби /еңбек ұжымдары, кәсіби бірлестіктер/ және т.б. болып бөлінеді.
Әлеуметтанудың өз объектісі мен зерттеу пәні бар. Әлеуметтану объектісі – қоғам туралы басқа ғылымдар нені зерттесе (қоғам, адам, т.б.), ол да соны зерттейді. Социологияның зерттеу объектісі ол – әлеуметтік шындық, яғни объектінің және субъектінің қарым-қатынасы, ал оны жеке тұлғамен топтардың әлеуметтік қимылдың, әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік институттар қызметі мен дамуы бейнеленеді.
Әлеуметтанудың категориялары (негізгі ұғымдары): Әлеуметтік топтастық, «әлеуметтік жүйе» «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік мінез-құлық», «әлеуметтік әділдік», «әлеуметтік еркіндік», т.б. «әлеуметтік топтастық» ұғымы әлеуметтанудың негізгі категориясы деп есептелінеді. Ал, «әлеуметтік» ұғымы неғұрлым жалпы категория деп есептеледі.
Әлеуметтану заңдары- әлеуметтану категорияларының байланысы. Ол – қоғамның, әлеуметтік топтастықтың және жеке тұлғалардың өзара әрекеттесу және іс-қимыл заңдары. Әлеуметтік заңдар адамдар мен олардың топтарының мінез-құлқын реттейді. Әлеуметтік заңдарға әлеуметтік дифференциация және интеграция /жіктелу және бірігу/, әлеуметтік мобильдік «қозғалыс», индивидті социализациялау /«әлеуметтендіру»/, қоғамды урбанизациялау /латын тілінен «қала» деген сөзден/, қоғамдық өмірді интернационализациялау жатады.
Әлеуметтанудың құрылымы жалпы әлеуметтанудан, жеке әлеуметтанудан, микросоциологиядан, фундаменталды / іргелі/ және қолданбалы әлеуметтанудан тұрады. Жалпы әлеуметтану бүкіл қоғам деңгейіндегі, ал, жеке әлеуметтану қоғамдық қатынастардың саласына ғана қатысты заңдылықтарды зерттейді. Эмпиризмдік әлеуметтану негізінен фактілерді жинақтайды, ал теориялық – оларды жалпылап, жалпы қорытынды жасайды. Іргелі және қолданбалы әлеуметтану білімнің сипатына қарай жіктеледі. Іргелі әлеуметтану негізінен теориялық білімді дамытумен айналысса, ал қолданбалы әлеуметтану негізінен практикалық міндеттерді шешеді. Социология құрылымы үш деңгейле болғандықтан, социологтар социологияны макросоциологияға және микросоциологияға бөледі. Макросоциология үлкен масштабтағы әлеуметтік жүйелерді және тарихи ұзақ процестерді зерттейді. Микросоциология адамдардың тұлға аралық қарым-қатынастардағы мінез-құлықтарын зерттейді.
Әлеуметтану және қоғам туралы басқа ғылымдар. Әлеуметтану мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы айырмашылықтарды қарастырып көрейік. Экономикалық ғылымдар экономикалық қатынастарды зерттейді, ал әлеуметтану ғылымы адамдардың, әр түрлі топтардың өкілдері ретіндегі өзара қарым-қатынастарын экономикалық тұрғыда зерттейді. Басқа ғылымдарға қатысты да осыны айтуға болады.
Қоғамның ішкі және сыртқы күштердің әсер етуі арқылы, үнемі өзгерістерге ұшырап, дамып отыратын әлеуметтік организм екендігін білеміз.
Қоғам тұрақты қозғалыста болып, әлеуметтік құбылыстардың ауысып отыруына байланысты әлеуметтік өзгерістерге ұшырап отырады.
Қоғамда әлеуметтік құбылыстар өзгеріске ұшырамаса, ол дамымайды.
Бұл өзгерістер төменгі деңгейге /микроуровень/ жеке адамдардың ролінің ауысуы немесе жлғарғы деңгейде де /макроуровень/ қоғамдағы әлеуметтік топтастырудың ауысуы болып жатады.
Әлеуметтік өзгерістер көлеміне ғана емес, олардың түп-тамырына да байланысты болады.
Бұл өзгерістер сапасына байланысты қоғамды дамытуға немесе тоқырауға да ұшыратуы да мүмкін. Әлеуметтік даму қоғамда жаңа қатынастар, институттар, ережелер мен құжаттарды тудырады.
ХІХ асырда дарвинизм ілімінің пайда болуына байланысты қоғам дамуының шынайылығы мен заңдылығын мойындатқан әлеуметтік эволюция теориясы пайда болды. Бұл теория тарихи даму әлеуметтік-мәдени өзгерістердің сапалы және түбірлі іске асырылуына тікелей байланысты. Бірақ ХХ ғасырдың І- жартысында қоғам дамуындағы шиеленістің күрделенуіне байланысты бұл теория өз маңызын жоғалта бастады. Осы кезеңнен бастап қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың өзгерісіне байланысты жаңа теориялар пайда болды. Мысалы: О.Конт қоғам дамуына ақыл-ой мен әлеумет ықпал етеді десе, Г.Спенсер әлеуметтік дамудың мәнін қоғамның күрделі дамуымен алыстырды.
Ал К.Маркс қоғам дамуын өндірістік күштердің дамуымен байланыстырды. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің себебін түсіндіруде де ғалымдар түрлі пікірлер айтады. Мысалы: К.Маркс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен қайшылықтарды қалыпты, заңды құбылыс деп санады.
Ал Л.Козер әлеуметтік қайшылықтардың түп-тамыры қоғамдағы әлеуметтік топтармен жеке адамдардың идеологиялық көзқарастарынан бастау алды деп санаған.
Осыған байланысты әлеуметтану ғылымы тарихында қоғамдағы әлеуметтік өзгеріс пен дамуға қатысты әлеуметтік эволюция және әлеуметтік революция теориялары пайда болды.
Марксистер қоғам дамуында әлеуметтік революцияның ролін жоғары бағалайды. Себебі революция арқылы қоғам дамуына түбірлі де, сапалы төңкеріс жасауға болады.
Ал әлеуметтік эволюция, теориясын жақтаушылар қоғам дамуы еш кедергісіз өз заңымен жүруі қажет деп санайды. Бұл тақырыпта қоғамдық прогресс пен регресс ұғымдарының түсінудің қажеттілігі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет