Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)


Әлеуметтік зерттеу ғылыми ізденістің күрделігіне қарай 3-ке бөлінеді



бет47/103
Дата15.10.2022
өлшемі2,4 Mb.
#153191
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Байланысты:
aleumettanu paninen oku-adistemelik keshen. 2022-2023 zh.zh.

Әлеуметтік зерттеу ғылыми ізденістің күрделігіне қарай 3-ке бөлінеді:
1. Барлаушылық
2. Сипаттамалық зерттеуі (Суреттемелік)
3. Сараптамалық зерттеу (Талдаушылық)

  1. Барлау арқылы зерттеу - нақты әлеуметтік зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама мен көлемі бойынша сығындалған құралдарға (сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы және басқалары ) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі экспресс - сауалнама.

  2. Сипаттамалық зерттеу (суреттеу) - нақты әлеуметтік зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық (тәжірибелік) мәліметтер алуды көздейді.

3. Сараптамалық зертеу (талдау) әлеуметтік талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді; бұл зертеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
Әлеуметтік зерттеу арнайы құжатқа - әлеуметтік зерттеудің бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама – ғылыми зерттеудің жалпы концепциясы кезең бойынша көрсетілген және ғылымипрактикалық зерттеу рәсімдерінің ережелері жазылған құжат.
Сапалы әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастыруға зерттеуді өзін жүргізуге қарағанда көп уақыт қажет екені дәлелденді. Жақсы құрастырылған әлеуметтік зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асуының кепілдеме шартының бірі болып табылады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламаларын құрастырудың негізгі кезеңдері төмендегідей мәселелерді қалыптастыру:
-зерттеу мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен пәнін анықтау;
-негізгі түсініктерді логикалық талдау;
- гипотезалар ұсыну;
- тандамалы жиынтықты анықтау;
- инструментария құру; -зерттеу жүргізу;
- алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау;
- ғылыми есеп дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет