мұндағы φ0 – стандартты электродтық потенциал
(анықтамалық кестелер бойынша
табылады);
R – универсалды газ тұрақтысы,
Дж/(моль∙0С);
T – температура , К;
z – реакцияға қатысушы электрондар саны;
F – Фарадей саны, Кл/г–экв;
aox және aredox – заттардың тотыққан және
тотықсызданған түрлерінің
белсенділіктерінің көбейтінділері.
Іс жүзінде қолдану үшін (6) теңдеуді түрлендіріп, натуралды логарифмнен ондық логарифмге көшіп, коэффициенттердің тиесілі мәндерін қойып (R = 8,314 Дж, F = 96500 Кл/г–экв) келесі өрнек алынады
φт-т = φ0 + (7)
Электролиттің белгілі бір компонентінің ыдырау кернеуі дегеніміз электролиздеу үрдісі ұзақ және өнімді түрде жүруі үшін электродтарға сырттан қосылатын ең аз кернеу болып табылады. Егер электролиз үрдісі кернеу асырмай және деполяризацияланбай өтсе, онда ыдырау кернеуі тепе–теңдік электрод потенциалдарының айырмасына тең болады
Еыд. = (8)
Еыд. мәні электр энергиясының меншікті шығынының теориялық шамасын Wтеор есептеуге және энергия бойынша шығымды ШЭ табуға қолданылады:
Wтеор = , (9)
Достарыңызбен бөлісу: |