Бағдарламасына «жыл бойғы мерекелер»



бет53/62
Дата11.12.2021
өлшемі381,46 Kb.
#79025
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне мектепке дейінгі ерте жастағы балалармен (1-3 жас) мерекелер және ойын-сауықтар

Ойын: «Гүл шоғын жинау»

(Балалардың көмегіне риза болған Карлсон билей жөнеледі.)



Тәрбиеші: Карлсон,сен қандай тәттіні жақсы көресің?

Карлсон: Үлкен торт, кәмпит және тосап.

Тәрбиеші: Жоқты айтпа! Бізде тосап жоқ. Ал кәмпитті мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тісің ауыратынын білмейді екенсің ғой? Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болуы үшін денешынықтырумен шұғылданған жөн. Қазір біздің балаларымыз өздерінің қандай күшті екенін саған көрсетеді.

Ойын: «Доппен секіру»

(Карлсон балаларға алғысын айтып, ұша жөнеледі.)



Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ақ қар еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?



Балалар: Көктемде!

Тәрбиеші: Иә, көптен күткен көктемде келіп жетті.

(Залға вальс әуенімен қолына сыйлық салынған себеті бар көктем кіреді).



Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, аналар!

Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем,

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін,

Құтты болсын аналар!



Тәрбиеші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын сағынды.Олар саған ән салып береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет