Ерназар: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қызметкерлерге мың алғыс!
1-жүргізуші: - Сөз кезегін Мектеп-бақша директоры Жувасова Ботагөз Зарлыққызына беріледі.
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
Белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат ұсынды және балаларға «Балабақша өмірі» деген альбомдар ұсынды.
2-жүргізуші: Сүйкімді балғын болашақ
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, осымен мектеп алды даярлық тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.
( Сандықтау ауданы Білім бөлімінің «Мектеп-бақша» мемлекеттік мекемесі. Авторлар: Жанұзақова Ә.Б, Есенбаева Ш.Т)