«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Аружан, Темірлан
|
«Сиқырлы қап»
Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.
Нұрперзент, Сымбат
|
«Кім шапшаң?»
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.
Аянат, Нұртуған
|
«Құстар фабрикасы»
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.
Айлин, Айнур.
|
Серуенге дайындық
|
Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу
|
Серуен
|
№ 48
Еңбек: Жапырақтардан гүл шоғын жасау
Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.
«Күзгі жапырақ» тақпақ
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Ойын: «Аю жүрген орманда».
Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту.
|
№ 49
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.
|
№ 50
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Тығылыспақ.
2. Тартқышқа тартылу.
3.Допты қуалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |