Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет487/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ас тұзының ертіндісі. 
1 л дайындау үшін ертіндіге 250 г тұз, 1 литр су қажет. 250 г
ас тұзына 1 литр су құйылады да, араластырып, қайнағанша қыздырады.
Содан соң, арасына гигроскопиялық мақта салынған, екі қабат дәкі арқылы сүзеді.
Дайындалған ертіндінің 1 мл-де 0,25 г тұз болады.
Жәй кілегей қайнатпалар.
Күріш, сұлы, қарақұмық кілегей қайнатпалары
дайындалады. 1 литр қайнатпаның құрамы: 100 г жарма, 1 литр су, ал тұз ертіндісі 16 мл.
Дайындауы: 
тазалап алынған, салқын суда жуылған жармаға салқын су құйылады да,
қайнағанша қыздырылады. Қайнату кезінде, қайнап буланған су орны бұрыңғы көлеміне
дейін толтырылып отырады. Жарма толық піскенше қайнатылып, ас тұз ертіндісі
қосылады. Қайнатпа дәкімен жабылған сүзгі арқылы сүзіліп, өлшеніп, қайнаған су қосып,
алғашқы көлеміне жеткізіледі. Жақсылап араластырып, қайтадан қайнағанша қыздырады
да, салқындатылады.
Күріш, сұлы және қарақұмық астықтарынан жасалған кілегей қайнатпалары. 40 г
астық, 1 л су, тұз ертіндісі 16 мл.
Дайындауы:
900 мл қайнап тұрған суға араластыра отырып, 40 г астық қосылады.
Алдына ала астық 100 мл жылы суда ертіледі. Содан кейін 3 минут бойына қайнатылады
да, тұз ертіндісі қосылады. Қайнатпа тағыда кайнағанға дейін қыздырылады да,
салқындатылады.
Ашытқылар.
Ащы сүт тағамдарын (ацидофильді сүт, ацидофильді паста, ащы
сүзбе) дайындау үшін сүт қышқылды бактериялардың таза культурасы қолданылады.
Айран табиғи ашытқымен – айрандық саңырауқұлақтармен дайындалады. Ашытқы
салынған шыны 0-5
о
температурада құрғақ қараңғы жерде сақталынады. Ұзақ сақталған
ашытқының бактериялық клеткалардың біртіндеп өсуіне байланысты, активтілігі
төмендейтін болғандықтан ұзақ сақтамаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет