Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ТУЫЛУ ЖАРАҚАТТАРЫ МЕН ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет551/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.4.2. ТУЫЛУ ЖАРАҚАТТАРЫ МЕН ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ.
«Туылу жарақаты»
термині туу кезінде пайда болатын баланың ағзасы мен
тіндерінің бүтіндігінің бұзылыстарын біріктіреді.
Туу кезіндегі перинатальды гипоксия
мен асфиксия жиі туу жарақаттарымен қосарланып жүреді, бірақ олардың пайда болуына
патогенетикалық звенолардың бірі бола алады.
Туылу жарақаты себептерінің бірі – туылу кезіндегі акушерлік көмек. Ұзаққа
созылған құрсақішілік гипоксия, ауыр интранатальды асфиксия туылу актысы қалыпты
болғанның өзінде туылу жарақатының мүмкіндігін жоғарылатады.
Нерв жүйесінің, жұмсақ тіндердің, сүйектердің, ішкі мүшелердің туу жарақаттары
анықталуы мүмкін. Нерв жүйесінің туылу жарақаттары мидың және жұлынның,
перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуларынан тұрады (қолдың акушерлік салдануы,
диафрагманың, мимикалық бұлшықеттердің салдануы). ЖТН-ң патологиясында маңызды
рольді сүйектер сынығы (бұғана, сан, тізе) алады. Ауыр босану кезінде ішкі мүшелер
жарақаты дамиды, бұлшықеттердің жыртылуы нәтижесінде қан құйылуларға алып келеді.
Жұмсақ тіндердің зақымдануында жиі кездесетіндері – туылу ісігі мен кефалогематома.
Туылуу ісігі

баспен келгенде бастың жұмсақ тіндерінің қанайналым
бұзылысымен және ісінуімен сипатталатын физиологиялық көрініс.
Баланың басында
туылу ісігі түзілсе, ол бір сүйек мөлшерінен асып кетіп, бірнеше сүйекті қатуы мүмкін.
Ісік емді қажет етпейді, өзінен-өзі 1-3күннен соң жазылып кетеді.
Кефалогематома 
– 
бастың кез келген сүйегінің, жиі төбе және шүйде сүйектерінің
сүйекүсті астына қан құйылуы, ол туылған соң бірнеше сағаттардан кейін пайда болады
.
Ісік басында серпілді консистенциялы болады, жанындағы сүйектерге тарамайды,
пульсация байқалмайды, ауырсынбайды. Кефалогематома ұлғаюы мүмкін. Бала өмірінің 2-
3 аптасында кефалогематома өлшемі кішірейеді, ал толық сіңірілуі 6-8 аптада жүреді. Кей
жағдайларда әктенуі, сирек-іріңдеуі мүмкін. Кефалогематома себебі – туылу кезіндегі
бастың қозғалысында сүйекүстінің сыдырылуы, сирек жағдайда – бассүйек жарылуы
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет