Диагноз
– анамнез, баланы сыртқы қарау, артқы немесе алдыңғы риноскопия
мәліметтері негізінде қойылады. Аденоидтардың ұлғаю дәрежесі 3 дәрежемен
анықталады. Аллергиялық аденоидиттерге күман туса, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі
(тиісті бөлімді қара).
Емі.
Жедел аденоидиттерді тамыртарылтушы дәрілер, 1-2 % проторгол ертіндісін
тамызып, аква мариспен жуып емдейді. Амоксициллин, амоксициллин клавуланат, оспен,
макролид тобы антибиотиктері қолданылады.
Инфекциялық этиологиялы созылмалы аденоидитте аденотомия жасайды. Оған
көрсеткіш болып аденоидттардың гипотрофия дәрежесі және асқынуларының болуы
(қайталатын отиттер, есту қабылетінің төмендеуі, синуситтер және т.б.) есептеледі. Оталау
емі алдында жергілікті консервативті ем курсын және ауыз қуысын санациялау
жүргізіледі. Аденоидты тіндердің гипотрофиясының себебі аллергиялық болса,
аденотомияға сақтықпен қарау керек. Бұндай жағдайда емдеу элиминациялық шаралардан
басталып, жергілікті емнен және антигистаминді базистік ем жүргізіледі (екінші ұрпақты
антигистаминді дәрілер (зиртек), кетотифен).
Достарыңызбен бөлісу: |