Ауруды жаңа басталған мерзімінде анықтау үшін рентгенологиялық зерттеудің үлкен
көмегі бар. Рентгенограммада бұл жағдайларда орташа немесе аз интенсивті контурлары
анық емес, көбіне өкпенің базальды сегменттерінде әр түрлі мөлшерлі өкпе тінінің
инфильтрация ошақтары анықталады. Егерде ошақты-қосылған пневмония болса, онда
жеке инфильтрация ошақтарының қосылуы көрінеді. Бұл қосылу үлкен көлемді алса, онда
массивті-қосылған түрі болады.
Ошақты-қосылған пневмонияның ауыр дамуларында қауіпті жағдай туады: жедел
тыныс жетіспеушілігі, жүрек-тамыр жетіспеушілігі, нейротоксикоз, ішек-қарын синдромы
бар ерте жастағы балаларда, көбіне токсикоз бен эксикоздың дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: