Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Клиникасы.  Соңғы мағлұматтар бойынша



Pdf көрінісі
бет773/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникасы
Соңғы мағлұматтар бойынша

балаларда созылмалы пневмония көбіне
 
3
жаста қалыптасады. Преморбидтік фонның маңызы үлкен. Созылмалы пневмония даму
үшін жылдар бойы ауыру немесе пневмониямен бірнеше ауырып тұру міндет емес. Ол
сәбидің ерте жасында ең бірінші ауырған пневмониясының салдарынан да болуы мүмкін.
Созылмалы пневмонияның айырықша, тұрақты көрінісіне жөтел және оқшауланған,
тұрақты ылғал сырылдар жатады. Жөтел дымқыл болады. Қақырық мөлшері көп емес (аз,
474


түкірік түрінде), кішкентай балалар қақырықтарын жұтып қояды. Шамадан тыс іріңді
қақырық және қан түкіру балаларда сирек кездеседі. Қазіргі уақытта созылмалы
пневмониямен аыратын балалардың дене дамуында, егер екі жақты зақымдалу болмаса,
көп қалыс қалу байқалмайды. Созылмалы бронх-өкпе патологиясының белгісі – саусақтың
шеткі фалангаларының өзгеруі (дауылпаз таяқшалары) қазіргі кезде сирек кездеседі, ол
тек қана іріңді қабыну кезінде байқалады. 
Созылмалы пневмонияда, көп жағдайда кеуде пішінінің әртүрлі өзгеруі байқалады.
Көбіне кеуде қуысының бір бүйірінің сығылуы және кейбір бөліктерінің жалпаюы
байқалады. Кейде кеуде қуысының төс сүйегінің ішке қарай тартылығаны, яғни оймыш
тәріздес немесе құс төсі тәріздес болып өзгеруі мүмкін.
Өкпе үстін перкуссиялағанда перкуторлық дыбыстар әртүрлі болады. Зақымдалған
аймақта перкуторылық дыбыс қысқарады, бірақ эмфизематозды өкпеде тимпаникалық
дыбыс естіледі. Созылмалы пневмонияның негізгі клиникалық белгілерінің бірі –
жинақталған, тұрақты дымқыл сырылдар. Олар қайта өршу кезінде ғана емес, «сау» (қайта
өршуден тыс) кезінде де болуымен қатар, өкпедегі патологиялық процесстің орналасқан
жағына сәйкес болып келеді. Көптеген науқастарда ылғалды сырылдармен қатар, құрғақ
сырылдарда естіледі. Кейде плевраның үйкеліс шулары байқалады. Жайыла таралған
қапшық тәріздес бронхоэктазаларда оральды крепитация («өкпесі сырылдап») байқалып,
өкпе дыбысы амфорлық сипат алады. Балалардың созылмалы пнемониясының клиника-
сындағы негізгі сиппатама алатын жай – бронх жолдарының өріс ала зақымдалуы және
бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан пайда болатын тыныс жетіспеушілігі
болып табылады. Тыныс жетіспеушілігінің клиникалық-функциялық көрінісі көбіне
ауруларда жайыла таралған бронхоэктазаларда кездеседі. Мұндай жағдайларда тыныштық
кезінде немесе кішігірім үстеме физикалық салмақ түскенде демікпе пайда болады.
Созылмалы пневмонияның рентгенологиялық көрінісі өкпе суретінің күшеюі және
оның деформациясы, өкпенің жеке сегменттерінің көлемінің кішіреюі, бронх қабырғасы
қалыңдауымен сипатталады 
(104 сурет).
Қайта өршу кезінде перибронхиальдық инфильт-
рация немесе зақымдалған сегменттердің респираторлы бөлігінің қараңғылануы
кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   769   770   771   772   773   774   775   776   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет