ҚР-ның «Аудиторлық қызмет» туралы Заңында «Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру» делінген. Аталған анықтамада ақпараттың маңызы көрсетілген. Экономикалық субъектілердің жағдайын өзгертумен сақтауға әсер ету басқару арқылы жүзеге асырылады. Басқару шешімдері ақпаратқа негізделеді.