«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»


Семенов   Дмитрий   Дмитриевич   (1835-1902)



Pdf көрінісі
бет14/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі

Семенов   Дмитрий   Дмитриевич   (1835-1902)   орыс 
педагогы, К.Д. Ушинскийдің ізішары. Өзінің педагогикалық 
қызметінде   Д.Д   Семенов   мектептегі   география 
мәселелеріне   көп   назар   аударды.   Оның   тужырымы 
бойынша:   географияның   бастаушы   курсы   төменгі 
сыныптарда   оқытылу   керек   және   ол   өзінің   мазмұны 
бойынша   отан   тану   негізінде   құрылу   керек   деді.   Бұл 
дегеніміз, географияны оқыту кезінде балалардың туратын 
жерінен   бастап   оқыту   керек,   өйткені   бұл   балаларға 
табиғатты тек кітап пен картадан ғана емес сонымен бірге 
тікелей   байқаудың   жолымен   тануға   мүмкіндік   тудырады 
да балалар материалды саналы түрде меңгереді.
19ғасырдың
 
екінші
 
жартысы
 
бастауыш 
жаратыластану   оқыту   әдістемесіндегі   маңызды   да   оңды 
өзгерістермен   сипатталады.   Бірақ   патшалық   үкіметтер 
мектепке   материализм   ілімі   мен   құдайсыздың   негіздің 
енуінен   қауіптеніп,   1876   жылы   гимназияның   төменгі 
сыныптарынан   жаратылыстану   қайтадан   алынып 
тасталды,   тек   1901   жылы   ғана   бұл   ғылым   біртіндеп 
қалпына келе бастады.
   Ресейде капитализм қарқынды дамып, математика, 
физика, химия, биология және географияны жақсы білетін 


25
адамдарға деген зор сұраныс туды. Ресейдің дамуындағы 
әлеуметтін   экономикалық   жағдайына   ,   патшалық 
үкіметтер   жаратылыстануды   гимназияның   3   төменгі 
сыныптарының оқу жоспарына қайта енгізуді талап етті. 
Бұл   бағдарламаның   негізінде   А.Я.   Гердтің   жуйесі   жатыр. 
Енді жеке оқу орындары құрылып жатты, мұнда өз дәуріне 
қажетті   жаңа   әдістемелік   идеялар   оқытылды.   Халық 
ағарту   министрлігі   бұл   мектептердің   ісіне   онша   араласа 
бермеді,   өйткені   бұлардың   өз   бағдарламалары,   өз 
оқулықтары болды.  
Осы   кезеңнің   әдістемесіңде   сабақтан   тыс   білім 
берудің   екі   түрлі   формалары   оңделінген,   олар: 
топсаяхаттық   және   практикалық,   яғни   оқушылар   үшін 
қажетті   оқу   материалының   мазмұнын   іріктеу   мәселелері 
шешілуде.
1902   жылы   гимназияда   орман   институтының 
профессоры   Д.Н.Кайгородовтың   құрған   табиғаттану 
бағдарламасы енгізілді. Мұнда табиғатты бақ, орман, өзен 
сияқты   бөліктерге   бөлу   бойынша   оқыту   усынылған. 
Оқушылар өсімдік әлемі мен органикалық емес ортаны бір 
бірімен өзара байланыста, яғни мезгілдер бойынша және 
табиғатта топсаяхат жұргізу арқылы оқыту керек.
Ұлы   октябрь   социалистік   революциясына   дейінгі 
шыққан табиғаттану оқулықтарының көптеген авторлары 
көбінесе   «биологиялық   әдісті»   ұстанды,   мұны   барынша 
насихаттаған В.В.Половцов болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет