«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі

4.
Эстетикалық тәрбие.
Табиғатқа   деген   қатынастың   қазірі   заманғы   жаңа 
мәдениетінің негізінде адамның эстетикалық қатынастары 
мен   бағалаушылығы   жатыр.   Жас   ұрпақта   эстетикалық 
тәрбиенің   қалыптасуын   бүкіл   оқу-тәрбиелік   жұмыстары 
қамтамасыз   етеді.   Педагогтар   табиғатқа   тұтас   ретінде 
эстетикалық қатынастың маңызын түсіну керек. Табиғатқа 
индивидуальды эстетикалық қатынасты қалыптастыруда 
манызды   рольді   табиғи   ортамен   сезімдік   түрде   тікелей 
тілдесу   кезінде   тәжірибе   жинақтау,   сонымен   бірге   осы 
тілдесу   процесі   кезінде   индивидуальды   эстетикалық 
бағалауды   жүйелі   түрде   көрсету   ойнайды.   Табиғи 
объектілерді   эстетикалық   тұрғыдан   қабылдауды 
ұйымдастыруға   педагогикалық   әсердің   маңызы   зор.   Бұл 
табиғатқа   деген   тулғаның   эстетикалық   қатынасының 
қалыптасқандығын   көрсетуге,   табиғатқа   деген 
эстетикалық   қатынастыќ   оптимальды   үлгілерін 
айқындауға,   және   белгілі   бір   ужымды   эстетикалық 
құндылықтарға бағдарлауға көмектеседі. Табиғатпен, өнер 
шығармаларымен тікелей сезімдік байланыстар көбейген 
сайын оқушының табиғатқа деген қатынасын және оның 


45
табиғатты   қорғау   әрекетіне   дайындығына   дем   беретін 
бағыттаушы әсерлердің қоры да көбейе түспек.
  Сондықтан   әрбір   оқушыда   тек   әлем   жөнінде 
әртүрлі   эстетикалық   түсінік   пен   өз   «табиғатының» 
таңдаулы образын қалыптастыру ғана емес, сонымен 
бірге   табиғатқа   деген   баланың   өзінің   қатынасының 
тұлғалық   маңызды,   әлеуметтік   және   педагогикалық 
түрде   қолайлы   үлгісін   қалыптастыру   мәсілелері 
педагогикалық   маңызға   ие.   Мұндай   улгілер 
эстетикалық   түрде   және   адамгершілікті   түрде 
әрекетшіл   болуы   керек,   сонымен   бірге   табиғатпен 
тілдесудің   жоғарғы   идеалына   және   табиғат   алдында 
борышты сезінуге жауапкершілікте болуы керек. Бірақ 
мұнда   баланың дүниені түйсінүі мен белсенділігінің 
жас ерекшелітері де ескеру қажет. Балалардың мектеп 
жасына   дейінгі,   төменгі   сынып   кезінде   оларға 
табиғаттың   тікелей   әсер   етуі,   баланың   табиғатпен 
бірге байланыста болуынан балаларда әртурлі сезімге 
бай әсерлер мен эстетикалық эмоциялар қалыптасады; 
табиғат   белсінді   түрде   балалардың   ойын   әрекетіне 
қатысады. Табиғат және оның эстетикалық сапалары 
ойын   кезінде   қарқынды   түрде   меңгеріледі,   табиғат 
кәдімгі   шынайы   ойын   сферасы   ретінде   қабылданып, 
бағаланады.   Сондықтан   табиғатқа   деген   мәдени 
қатынас   эстетикалық   мотивтерден,   критериілерден 
бағалаулардан тыс, сонымен бірге табиғат пен дуниені 
меңгерудегі яғни эстетикалық түрде игерудегі жалпы 
адамзаттық   тәжірібенің   жетістіктерінен   тыс 
қалыптаса   алмайды.   Балаларда   эстетикалық 
қатнастардың   қалыптасуының   барлық   сатысында 
педагогтар   олардын   табиғи   құбылыстарға 
эстетикалық   түрде   бағытталған   қабылдаулары   мен 
эмоцияларына,   сонымен   бірге   дағдылары   мен 
іскерліктеріне   және   білімінің   дамып   баюына   назар 
аудару   керек.   Мұны   оқушының   оқуы,   еңбек   және 
коммуникативті   әрекеттері,   сияқты   табиғи 


46
компоненттерді   жүйелі   түрде   обьект   болып 
табылатын   оқушылардың   әрекеттерінің   негізгі 
түрлерін   басшылыққа   ала   отырып   жүзеге   асыруға 
мумкін   болады.   Оқушының   танымдың   әрекетінде 
табиғатқа   деген   эстетикалық   қатынасты   тәрбиелеу 
нақты оқыту дисциплиналарының шеңберінде сияқты 
пән аралық байланыстарда да, сабақ беру процесінде 
немесе жұмыс жүргізудің сабақтан тыс формасында да 
көрініс   беретін   өзара   әрекеттерде   де   жүзеге 
асырылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет