«бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»


 Оқушы білім-білігін, тексерудің әр түрлі



Pdf көрінісі
бет42/72
Дата30.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#106811
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
Дүниетану әдістемесі

2. Оқушы білім-білігін, тексерудің әр түрлі 
жолдары.
Топографиялық диктант. Мұғалім 2-4 сыныптарда 
топографиялық   диктант   ұсына   отырып,   шартты 
белгілерді   білуін,   оларды   қағазға   бейнелей   алуын 
тексереді. 
Оқушылардың   өз   білімін   практикада   тексертіп, 
іскерліктерін айқындайтын сұрақтардың маңызы өте 
зор.   Дүниетану   сабақтарында   мұндай   сұрауды 
табиғаттағы маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде 
бақылау   нәтижелері   бойнша   ұйымдастыруға   зор 
мүмкіндік   бар.   Бақылау   күнделігі   практикада 
меңгерген   іскерліктер   мен   дағдыларды   қолдануға 
сүйене   отырып,   осындай   жұмысты   жүйелі   түрде 
өткізуге мүмкіндік береді. 
Оқушылардың практикадан алған білімін қолдана 
білу   іскерлігін   тексеруде   практикалақ   жұмыстар 
жүйесі   мен   тапсырмалардың   маңызы   өте   зор. 
Мұғалімдер   сыныпта   топографиялық   диктант   ұсына 
отырып,   бағыттарды   сызбамен   бейнелей   алуын, 
шартты   белгілерді   білуін,   оларды     қағазға   бейнелей 
алуын   тексереді.   Мұғалім   тәжірибелерді   көрсету 
кезінде балалардың білімін бір оқушы тәжірибе жасап, 
қалғандары   оны   қадалағанда   жеке,   ал   тәжірибені 
бүкіл сынып жасағанда жаппай тексереді. Мұғалімдер 
білім тексеру кезінде табиғат объектісін схема түрінде 
бейнелей көрсететін графикалық сипаттағы жұмысты 
қолданады.   Графикалық   жұмыстардың   жәрдемімен 
білім тексеру өткен материалды меңгеру сапасын, оны 
көрнекі түрде кескіндеу іскерлігін, ұғымын тексеруге 


77
мүмкіндік береді.
Мұғалім   тоқсандық   немесе   жылдық   баға   қойған 
кезде мектеп оқушысының дүниетану сабақтарындағы 
күнделікті   жұмысы,   оны   ауызша   сұрау,теориялық 
білімдерінің жалпы деңгейі және оларды практикада 
қолдана   білуі   жөніндегі   өз   бақылауларының 
нәтижелерін ескереді.
Тест – оқушының білім дәрежесін қандай екендігін 
анықтайтын   және   ол   білімді   түрлі   жағдайларда 
қолдана   білуін   тексеруге   мүмкіндік   беретін   тиімді 
жол.
Тест қолдану үшін: 
1.   Тапсырманың   жауабы   мен   сұрағы   қысқа   әрі 
анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі 
ғана дұрыс болу керек.
2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатан сақталуы 
керек.
3.   Тесте   берілген   сұрақ   әр   адамға   түсінікті 
болатындай етіп жазылу керек.
Тесті құрастыруды 3 кезенге бөлуге болады.
4 тестпен сынауды бағдарламалау
5 тестердің жоспарын жасау
6 тестердің мазмұнын жасау
Тест бойнша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы 
барлық   оқушылар   толық   қамтылады.   Жауап   тез 
алынады.   Тест   дайындаудың   мақсаты   –   оқушының 
білімін   тексеру,   есепке   алу.   Тест   оқушылардың   жас 
ерекшелігіне,   шама-шарқына   лайықты,   оларды 
ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет