Базальды қабат


Ерте туа біткен мерездің кезінде терінің және шырышты қабығының зақымдануы



бет23/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

24.Ерте туа біткен мерездің кезінде терінің және шырышты қабығының зақымдануы
Ерте туа пайда болған мерез. Ерте туа пайда болған мерезді емшек жасындағы мерез және ерте жастағылардың мерезі деп бөледі.
Емшек жасындағы туа пайда болған мерез бір қатар мүшелер мен жүйелерді зақымдайтындықтан, әртүрлі көрініс беруі мүмкін. Ауруды бірден туғаннан соң немесе алғашқы 2 ай ішінде анықтайды. Кейде бала мерез белгілерімен туу мүмкін. Тері, кілегей қабықтар, ішкі мүшелер, жүйке жүйесі, сүйектер зақымдалуы мүмкін. Бөртпелерде көп мөлшерде бозғылт трепонемалар болып, қатынстығы жоғары болады. Соңғы жылдары емшек жасындағы балалардың клиникалық симптоматикасы азайып, ауру жасырың, тері және кілегей қабықтарының зақымдалуынсыз, тек ішкі мүшелерді ғана зақымдайды. Бұл әйелдердің интеркуррентті инфекцияларға алған антибиотиктеріне байланысты түсіндіріледі.
Соңғы жылдары диффузды инфильтрация және папулезді элементтер азайса да, мерездік көпіршіктер орын алып келе жатыр. Мерездік көпіршіктер алақанда, табанда, қол мен аяқтың бүгілмелі бетінде, сирек денеде манифестацияланады. Кейде элементтер терінің барлық бетінде орналасуы мүмкін. Құрамы серозды-іріңді, бірақ геморрагиялық та болуы мүмкін. Көпіршік құрамында бозғылт трепонемалар көп болғандықтан, қатынастығы жоғары болады. Көпіршікті ашқаннан кейін, суланулар түзіліп, айналасында көпіршіктердің қабығының және эрозиялардың болуымен сипатталады.
Мерездік көпіршектер – туа пайда болған ауыр мерездің дәлелдемелі белгісі. Ажырату диагностиканы стафиллококкты инфекция әсерінен пайда болған жаңа туған нәрестелердің пемфигиодымен жүргізеді. Диагнозы бозғылт трепонемаларды анықтағанда және серологиялық реакциялар нәтижесінде қояды. Мерез кезінде емшек жасындағы балаларда Гохзингер инфильтрациясын және мерездік тұмауды анықтайды.
Гохзингер терінің диффузды тығыздалуы туа пайда болған мерездің нақтылы белгісі болып келеді де, жүре пайда болған мерезде кездеспейді. Бұл белгі туғаннан кейін бірден пайда болмай, кейін өмірінің 8–10 аптасында көрініс береді. Сифилид әдетте алақанда, табанда, бөкседе, ерін аймағында, төменгі иекте орналасуы мүмкін. Процесс диффузды немесе ошақты эритеманың пайда болуымен сипатталады. Кейін бұл жерде инфильтрация дамып, сонын әсерінен тері қатпарлары тегістеліп, терісі тығыз, эластикалық емес болады. Еріндері қалыңдап, ісініп, сарғыш-сарғылт түсті, еріннің жиегі мен кілегей қабығы керілген болып келеді. Әдетте, зақымдалған беткей мацерацияланған, суланбайтын, оның бетінде көп мөлшерде бозғылт трепонемалар анықталады. Бала жылағанда, механикалық жарақатта, еріннің қарқынды керілуінде, қызыл жиегіне таралатын беткей және терең сызаттар (жарылулар) пайда болады. Жарылулар әдетте, ерінге перпендикулярлы орналасып, қансырап, тез қабықпен жабылады. Емделмесе де 2-3 ай өткен соң Гохзингер диффузды инфильтрациясы жазылады, ал терең жарылулар орнында, әсіресе ауыз бұрышында, радиарлы (Робинсон–Фурнье тыртығы) тыртықтары қалады. Бұл тыртықтар ерте туа пайда болған мерезбен ауырғандығының патогномоникалық белгісі болып табылады. Бұл белгіні, әсіресе стоматологтар, есте сақтаған жөн. Емшек жасындағы балаларда мерездік папулалар болуы мүмкін. Б.М.Пашковтың мәліметтер бойынша 30% балада бұл папулалар ерте туа пайда болған мерездің активтілігінің көрінісі болуы мүмкін.
Ерте туа пайда болған мерезде 2 жасқа дейінгі балаларда эритематозды баспа, папулезді бөртпе сирек, эрозивті бадамша бездерінде, тілде, ауыздың, еріннің, мұрынның кілегей қабақтарында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет