Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
Дамыған 
тұлғалық 
қасиеттеріне: 
шығармашылық 
белсенділік, 
еңбексүйгіштік, адалдық, жанқиярлық, төзімділік, талап қоюшылық, 
қарапайымдылық, 
мәдениеттілік 
Мұғалімнің 
негізгі 
шығармашылық 
белсенділік, ақылдың икемділігі, еңбексүйгіштік, адалдық, жанқиярлық, 
адалдық, төзімділік, талаптылық, қарапайымдылық, мәдениеттілік жатады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, әдетте: сыртқы келбетімен: 
үйлесімділік, жарасымдылық, әсем және ырғақты қозғалыстар, дене күші мен 
төзімділік, жаттығуларды орындау шеберлігі, батылдық, жоғары еріктік 
қасиеттерімен білім алушылардың назарын өзіне аударады. Оқу-жаттығу 
жиындары, спорттық жаттығулар мен жарыстар мұғалім мен оқушы 
арасындағы тікелей және тұрақты байланыстар арқылы жүзеге асады. Бұл 
олардың арасындағы өзара түсіністіктің, білім алушылардың мұғалімге 
құрметпен қарауының пайда болуына ықпал етеді. Оқушылар үнемі көмек, 
қолдау және көшбасшылықты сезініп, мұғалімнің жетекшісі рөлін құрметтейді. 
Осындай сипатқа сай мұғалімдерді даярлау жоғары педагогикалық оқу 
орынының негізгі міндеті болып табылады.
 
Дене шынықтыру – бұл мәдениеттің ерекше және тәуелсіз саласы. Олай 
болса, бұл пәннің мұғаліміне де қойылатын өзіндік талаптар бар. Олардың ең 
бастысы: өз пәні бойынша жоғары деңгейдегі теориялық (психологиялық, 
педагогикалық), әдістемелік білімінің болуы.
Дене шынықтыру маманы педагогикалық үрдісті басқара отырып, 
сонымен бірге әр оқушының жаттығуын, тәрбиесін, білімін, көңіл-күйін,
оқушылардың іс-әрекеттерін бір уақытта және жағдайға сәйкес көріп үйлестіре 
алуы тиіс. Оның жұмысының шығармашылық табиғаты оның кез-келген 
қалыптасқан жағдайдан шығуға дайын болуы, стандартты емес шешімдер 
қабылдауға, түпнұсқа және тапқыр дәлелдер таба білуі, адамдарды 


31 
ұйымдастыра білуі және оларды қиын жағдайда басқару мүмкіндігінде жатыр. 
Өз жұмысының шынайы шығармашылық табиғатын қамтамасыз ету үшін 
маманның нақты білім саласында және басқа да көптеген салаларда терең білімі 
болуы керек. 
Зерттеу 
барысында 
біз 
болашақ 
дене 
шынықтыру 
және 
спортмұғалімдерінің педагогикалық дайындығының әлі де болса әлсіздігі 
белгілі, бір дәрежеде пәнаралық байланыстардың жеткіліксіз зерттелуі, 
педагогикалық практикадан өту кезінде оқу үрдісінде алған білімдерді толық 
қолданылмайды деген қорытындыға келдік.
Қазіргі уақытта бітіріп жатқан кадрлардың спорттық дайындығы жақсы, 
бірақ педагогика саласында кәсіби шеберлігі мен өзін-өзі ұйымдастыруы, 
басқаруы мен әрекетке сыни баға бере білу құзыреттіліктері жеткіліксіз. 
Әсіресе спортшыға, спортқа тәрбиелеушіге тән өз әрекетін дұрыс бағалай алу, 
қателіктерді мойындау және одан тез арада қорытынды жасап, түзетудің 
амалдарын білу сияқты өте маңызды сапаны қалыптастырудың қажеттілігін 
атап айтқан болар едік. Сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін
даярлау мазмұнында осы мәселенің қарастырылуы тиіс деген пікірімізбен 
қорытынды жасап, жұмысымыздың келесі тараушасында диссертацияның 
түйінді ұғымдарының теориялық астарларын, түсіндірмелерін талдайтын 
боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет