101
дағдыларынан бөлек, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық, қарсыласты
тыңдай білу және оның келтірген аргументтерін өзінікімен салыстыру сияқты
дағдылар дамиды. Жоғары оқу орнында пікірталас формасын пайдалану келесі
негізгі элементтердің болуын қажет етеді: тақырып
(тақырыптың өзекті
мәселеге арналуы, нақты құрастырылуы, студенттер үшін маңызды мәнге ие
болуы); қолдаушы және жоққа шығарушы тараптардың болуы; дәйектер;
қолдау мен дәлелдер; қарама-қайшы сұрақтар; қазылардың шешімі.
М.М.Левинаның
пікірінше
мәселелі
оқытудың
маңыздылығы
«педагогикалық ғылым және практикаға гуманистік бағыт беретін, негізгі
оқыту технологиясы болып табылады» [182]. Е.С.Полаттың болжамы бойынша
«ойлану, дискуссия, өз пікірін еркін айту мүмкіншілігі және оны талқылау,
оқытудың барлық жүйесінің мәселелі бағыттылығы кез-келген формада қазіргі
білім жүйесінің қалпына енуі керек» [183].
Эссе
– қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық моральдық немесе
әлеуметтік мәселелерді еркін баяндау. Рефлексия кезеңінде шағын жазбаша
шығармашылық жұмыс ретінде бұл тәсіл әртүрлі жағдайда қолдана береді. Эссе
жазу студенттерге өтілген материал бойынша білімдерін қорытындылауға
көмектеседі. Оқытушы үшін бұл кері байланыс алуға мүмкіншілік береді.
Элективті пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды ашу үшін біз жоғарыда
сипатталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа интербелсенді әдістер:
рефлексиялық тренинг, рефлепрактикум, кейс стади, өзіндік талдау,
рефлексиялық полилог, позициялық дискуссия, рефлексиялық инверсия,
рефлексиялық портфолио сияқты жаңашылдық тәсілдерді қолдануды
жобаладық (сурет 15). Енді осы әдістерге сипаттама береміз.
Достарыңызбен бөлісу: