Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

Тапсырма:
пішен таяқшасының, майқышқылды, сіркеқышқылды, 
сүтқышқылды, шіріту, галофильді және майыдыратушы бактериялардың, 
Azotobacter 
мен
Proteus 
туысының бактерияларын, ашытқылардың 
жинақтаушы дақылын алу. 
 
Әдістемелік нұсқаулық 
 
1 зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасының жинақтаушы дақылын 
алу
 
Bacillus subtilis 
пішен таяқшасы мезофильді спора түзуші бактерияларға 
жатады. Пастеризация – спора түзбейтін формаларын өлтіруші факторға 
жатады. Нәтижесінде төзімді споралары бар 
Bacillus subtilis 
клеткалары 
көбеюге қолайлы жағдайға ие болады. Жинақтаушы дақыл алу үшін конусты 
колбалардың ішіне пішенді қайшымен майдалайды да үстіне су құйып, оның 
үстіне бір салым борды қосады. Су моншасында 80
о
С –та 10 минут 
қыздырады. Кейін колбаны мақта тығынмен жауып, 2-3 тәулікке 25
о
С 
температураға термостатқа қояды 
Келесі сабақта жинақтаушы дақылы бар колбаларды қарап шығады. 
Қайнатпаның бетіне қабықша түзілгендерін белгілейді. Қабықшаны алып, 
микроскоптау барысында ұзын жіп бойымен байланысқан, қысқа, жіңішке 
таяқшаларға назар аударады. Споралар қатаң оқшаулануларсыз орналасқан. 
Бұл жағдайда басқа микроорганизмдер сирек әрі мардымсыз мөлшерде өседі. 
Алынған мәліметтерді кестеге енгізеді. 
 


1 кесте.
Жинақтаушы дақылдардың салыстырмалы сипаттамалары
 
Дақылдың 
атауы 
Элективті 
жағдайлар 
Жүргізілген 
сараптама 
Суреті
Ескертулер (газ 
бөліну, 
қабықшаның 
болуы, лайлануы, 
тән иісі, сілемейдің 
болуы) 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет