Физикалық шаманы өлшеу. Өлшеу барысында үлкен мөлшерге тап болған жағдайда (қалалардың арақашықтығы, уақыт өлшемі – тәулік және т.б.) оларды метрмен немесе секундпен есептеудің қажеті жоқ. Сондықтан да Алматы мен Астана қаласының арасы- на жүретін пойыздың уақытын сағатпен өлшесе, арақашықтығын километрмен есептейді. 1 сағат және 1 км – негізгі өлшем бірліктері емес. Негізгі және негізгі емес өлшем бірліктерінің арасында бай- ланыс бар. Мысалы, 1 км = 1000 м, 1 сағ = 3600 с
3-дәріс. Жұлдызды жүйе. Күн жүйесі тақырыптарын оқытудың теориялық негіздері
3.1 Ғалам. Жер. Адам бөлімін оқыту әдістері.
3.2 Макро, мега және микроәлем нысандарының мөлшері Жұлдызды жүйе тақырыптарын оқыту
3.3. Күн жүйесі тақырыбын меңгертудің әдістемелік ерекшелік тері
3.4 Жердің Күн жүйесіндегі орыны
Ғалам. Жер. Адам бөлімін оқыту әдістері. Ұзақ мерзімді оқу жоспарының талаптарына сәйкес 1 оқу тоқсанында 5-6 сыныпта оқытылатын «Ғалам. Жер. Адам» бөлімін оқытуға практикалық жұмысты, бөлім мен тоқсандықты жинақтап бағалауды қоса есептегенде 13 сағаттан бөлінген.
5-сыныпта оқушылардың география, физика және биология пәндерінен алатын білімдеріне негіз болатын жұлдызды аспан денелері, жұлдыздар жүйесі, Ғалам, Күн жүйесі, Күн жүйесіндегі ғаламшарлар, Күн энергиясын шаруашылық мақсатта тиімді пайдалану мәселелеріне жан-жақты талдау жасалады. Тақырыптың мазмұны мен негізгі ұғымдар терең меңгеруге оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылған суреттер, сызба-нұсқалар мүмкіндік береді.
Пәннің география, физика, астрономия ғылымдарымен байланысы Жер ғаламшарының пішіні, өлшемдері, глобуста бейнеленуі, Ғаламшарларың пайда болуы мен қалыптасуы, даму кезеңдері қарастыратын тақырыптар арқылы ашылған.
Мұғалім орбита, экватор, тәулік, жыл ұғымдарын, оларға қатысты өлшемдерді анықтау үшін оқушыларға қарапайым арифметикалық есептер шығарту тиімді. Математика пәнінен оқушылар шеңбердің 360° екенін біледі сондықтан төмендегі есепті шығартып экватор мен Жер орбитасының ұзындығын есептеу қажет.
1 есеп. 1° параллель 111,14 км болғанда экватордың ұзындығын есептеңіздер. Оқушылар
111,14 км х 360°=40010км;
2 есеп. Жер өз орбитасынан 30 км/с жылдамдықпен қозғалатынын 1 минутта, 1 сағатта, 1 тәулікте және 365,25 жүретін жолын есептеп орбитасының ұзындығынн есептеңіздер
30 км/с х 60'' х 60'х24х365,25= 947 000 000 км.
Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес есептер шығарту пән аралық байланысты қамтамасыз етумен қатар танымдық белсенділіктерін, ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес көрнекі құралдарды, ақпараттық тахнологиялардың мүмкіндіктерін қолданып «Жердің пайда болуы», «Жердің ішкі құрылысы», «Жердегі тіршіліктің дамуы», «Мұхиттардың зерттелуі» тақырыптарын оқыту 7-9 сыныптарда география және биолгия пәндерінен алатын білімдеріне, геологиялық жылсанау, геохронологиялық кесте, эра, дәуір, кезең, Жердің абсолют және салыстырмалы жасы, жердің ішкі құрылысы, жерсілкіну, геосинклиналь, платформа, литосфералық тақталар, құрлық пен мұхит асты бедерлерінің түзілу заңдылықтары ұғымдарын меңгертуге негіз болады.
«Жердің глобуспен картада бейнеленуі», «Жергілікті жердің планы және шатты белгілері»,Жердің пішіні мен өлшемдері, глобус пен географииялық картадағы градус торлары, Жер бетін жазықтықта кескіндеу әдістері туралы тақырыптар оқушыларда картографиялық білімдері қалыптасып, географиялық карталарды масштабына, қамтылатын аумағына, мазмұнына қарай жіктеп шартты белгілермен бейнелеу әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар жергілікті жердің планы мен ұсақ масштабты карталардың шартты белгілеріндегі айырмашылықтарды анықтап, тұсбағдардың, аспан денелерінің, жергілікті нысандар арқылы бағдарлау дағдыларын меңгереді. Жоғарыда аталған тақырыптар 7-11 сыныптарда өтетін «Картография және географиялық деректер базасы», «Картография және геоақпараттану негіздері» бөлімдеріне алатын білімдеріне негіз болады.
Адамдардың жер бетінде таралуы, «Жер бетіндегі нәсілдер» тақырыптары 7-9 сыныптардр өтетін әлеуметтік география бөлімімен, тарих және биология пәндерімен тығыз байланысы бар.
6 сыныпта «Макро және микро әлем» «Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктері туралы жалпы мәліметтер», «Жердегі тіршілік», «Жер бетін жазықтықта бейнелеу әдістері» тақырыптары 5 сыныпта бірінші және екінші бөлімде алған білімдеріне негізделіп оқытылады.
5-6 сыныпта екінші бөлімді оқыту барысында жер қойнауын, мұхит суларын, тірі ағзалардың даму таихын зерттеу әдістерін бірінші бөлімдегі тақырыптармен байланыстыру қажет. Ол спиральды оқыту жүйесінің негізгі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |